Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 1315 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Зырян ауданы әкімдігінің 2010.04.16 N 648 (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-тармақтан қараңыз) қаулысымен.       Әскерге шақыру комиссиясының мүшесі Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Нурбаевтың жұмыстан шығуына байланысты «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 сәуірдегі № 299 қаулысына (мемлекеттік тіркелімнің 2009 жылдың 23 сәуіріндегі № 5-12-80 мемлекеттік құқықтық актілердің Тізілімінде тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жұмыстан шыққан Е.М. Нурбаевтың орнына әскерге шақыру комиссиясының құрамына Зырян ауданы әкімінің орынбасары Көбентаев Ербол Құмашұлы енгізілсін.
      2. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Зырян ауданының әкiмi             Р. МУСИН