Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 466 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі N 1295 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 300 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42–бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау үшін қоғамдық жұмыстың келесі түрлері белгіленсін:
      1) тұрғылықты елді мекен аумақтарында санитарлық тазалық жүргізу;
      2) тұрғылықты елді мекен аумақтарында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім: Қ. Медеуов