Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1272 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:

      25-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:";

      алтыншы абзацтағы "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1272 қаулысына
қосымша
Ережеге
10-қосымша

Әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы он екі күнтізбелік
айдағы табысы туралы жұмыс орнынан берілетін
АНЫҚТАМА

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).