"43988 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1208 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.09 № 1036 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
N 1202 қаулысымен
бекітілген

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін
енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді әрі бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) грант беруші - инновациялық гранттар беру туралы шешім қабылдайтын инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган;
      2) грант алушы - конкурстық негізде инновациялық грант алған жеке немесе заңды тұлға;
      3) өтінім - осы Ереженің 9 және 10-тармақтарына сәйкес инновациялық грантты алу үшін ұсынылатын құжаттар қоса берілген, белгіленген үлгідегі өтініш;
      4) өтінім беруші - инновациялық грантты алуға арналған өтінімді қарауға ұсынған жеке немесе заңды тұлға;
      5) мемлекеттік ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық сараптама - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес инновациялық гранттарды беру жөнінде қабылданатын шешімдердің негізділік деңгейін айқындау мақсатында сараптама объектісінің тәуелсіз талдамалық бағасын алу үшін жасалатын іс-қимылдар мен қорытындылар жүйесі;
      6) сенімгер уәкіл - тапсырма шартының негізінде грант берушінің атынан және есебінен әрі оның нұсқауларына сәйкес инновациялық гранттар беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайтын заңды тұлға;
      7) патенттік зерттеулер — елдегі немесе елдер тобындағы объектіге, оларды талдауға қатысы бар барлық қолданыстағы қорғау құжаттарын іздестіру, сондай-ақ объектінің елде немесе елдер тобында кедергісіз іске асырылуына ықпал етуі мүмкін жағдаяттарды зерделеу;
      8) инновациялық грант - тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындау, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау, зияткерлік меншік объектісін шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеу, инновациялық технологияларды сатып алу үшін инновациялық фант туралы шартта көзделген талаптармен берілетін бюджет қаражаты;
      9) инновациялық даму институттары — инновациялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар;
      10) уәкілетті орган - берілген өкілеттіктер шегінде инновациялық қызмет саласындағы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      3. Грант беруші инновациялық гранттарды беруге байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін сенімгер уәкілді (бұдан әрі - сенімгер уәкіл) тартады.
      4. Сенімгер уәкілді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.

2-тарау. Инновациялық гранттарды берудің тәртібі мен шарттары § 1. Инновациялық гранттарды беру рәсімі

      5. Инновациялық гранттарды беру конкурстық негізде өткізіледі.
      6. Инновациялық гранттарды беру бойынша құжаттарды тапсыру мен конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу мерзімдерін жыл сайын грант беруші айқындайды.
      7. Грант беруші конкурсты өткізу басталғанға дейінгі 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және грант берушінің ресми сайтында тиісті хабарландыруды жариялайды.
      8. Инновациялық гранттарды беру рәсімі төрт кезеңде жүзеге асырылады:
      1) сенімгер уәкілдің, өтінімдердің толықтығы мен олардың рәсімделу сапасын, осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарауы;
      2) сенімгер уәкілдің кейіннен грант берушіге жіберу үшін, мемлекеттік ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық сараптама (бұдан әрі - сараптама) нәтижелері негізінде өтінімдер бойынша кешенді қорытынды дайындауы;
      3) құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітетін, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың,ғылым, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын Инновациялық гранттар беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) іріктеп алынған өтінімдер бойынша ұсынымдар дайындау үшін өтінімдерді және сараптамалар қорытындыларын қарауы;
      4) грант берушінің Комиссия қорытындысының негізінде инновациялық грант беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.17 № 1208 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші сенімгер уәкілге мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грантты алуға өтініш;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берушінің сауалнамасы;
      3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспардың жобасы;
      4) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы;
      5) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржыландыру кестесінің жобасы;
      6) заңды тұлғалар үшін - салық органының салық төлеушінің салықтық берешегінің және төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінімді беретін күн алдындағы үш айдан астам жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      жеке тұлғалар үшін - салық төлеушінің салықтық берешегінің жоқтығы немесе болуы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      7) өтінім берушінің өтінім берген күннің алдындағы үш айдан астам банк (банктер) алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы (егер өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) бірінші басшысының немесе оны ауыстыратын адамның қолы қойылған, банктің (банктердің) мөрі бар банк (банктер) анықтамасының түпнұсқасы;
      8) заңды тұлғалар үшін - өтінім берушінің соңғы 2 жылдағы қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      9) заңды тұлғалар үшін - жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      10) жеке тұлғалар үшін - жеке басы куәлігінің, әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      11) өтінім берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензияларының, патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, дипломдарының және басқа құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      12) ұйымның тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін өзінің ғылыми-техникалық және өндірістік базасын (болған жағдайда) ұсыну туралы міндеттемесін растайтын құжаттар (мәліметтер);
      13) «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушылары «Өнімділік 2020» бағдарламасы операторының оң сараптамалық бағалауының көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.27 № 1098 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға және инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған инновациялық гранттарды алуға үміткер өтінім беруші 9-тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;
      2) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес жобаның негіздемесі;
      3) осы тақырып бойынша патенттік зерттеулер жөніндегі мәліметтер (болған жағдайда).
      11. Инновациялық гранттарды алуға арналған конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын материалдар бірыңғай папкаға жинақталуы, парақтары нөмірленген және осы Ереженің әрі оған қосымшалардың талаптарына қатаң сәйкестікте ресімделген болуы тиіс.
      12. Өтінім беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз етеді. Өтінім берушінің толық емес немесе дұрыс емес деректерді ұсынуы өтінімді кері қайтаруға негіздеме болып табылады.
      13. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң сенімгер уәкіл 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде өтінімдердің осы Ереженің талаптарына сәйкестігіне іріктеу жүргізеді.
      14. Ұсынылған құжаттардың осы Ереженің талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сенімгер уәкіл бұл туралы өтінім берушіні құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Өтінім беруші сенімгер уәкілдің хабарламасы жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жоюды жүргізеді, бұлай болмаған жағдайда өтінім кері қайтаруға жатады. Сенімгер уәкіл пысықталған өтінімдерді анықталған сәйкессіздіктер жойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
      Өтінімдер қолдау таппаса, ұсынылған құжаттар өтінім берушіге қайтарылады.
      15. Осы Ереже талаптарына сәйкес келетін және инновациялық гранттар беру рәсімінің бірінші кезеңінен өткен өтінімдерді сенімгер уәкіл сараптамалардан өткізуге жібереді.
      16. Сараптамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      17. Өтінімдерді және сараптамалар қорытындыларын (бұдан әрі - материалдар) қарауды Комиссия сенімгер уәкілден өтінімдер бойынша кешенді қорытынды алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      18. Материалдарды қарау қорытындылары бойынша Комиссия инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы ұсынымдар шығарады.
      19. Комиссияның инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы ұсынымдары Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      20. Комиссия ұсынымдарының негізінде грант беруші оның отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инновациялық грант беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      21. Грант беруші инновациялық грант беру туралы шешімді мынадай талаптар негізінде қабылдайды:
      1) сараптамалардың оң қорытындылары;
      2) жобаның инновациялық бағытта болуы, техникалық іске асырылу мүмкіндігі және оның іске асыруға (енгізуге) дайындық деңгейі;
      3) өзектілігімен өңірді және Қазақстан Республикасын дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;
      4) инновациялық грант қаражатын игерудің және жобаны одан әрі іске асырудың егжей-тегжейлі тұжырымдалған сипатының болуы;
      5) жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
      6) жобаның экономикалық орындылығы.
      22. Грант беруші инновациялық грант беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде сенімгер уәкіл мен грант алушы арасында уәкілетті орган бекітетін инновациялық грант туралы үлгілік шартқа сәйкес инновациялық грант туралы шарт жасалады.
      Грант берушінің сенімгер уәкілге инновациялық грант қаражатын аударуы үшін инновациялық грант туралы шарт негіздеме болып табылады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.27 № 1098 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23. Инновациялық грант қаражатын оның нысаналы мақсатына және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына қатаң сәйкестікте пайдалану инновациялық грант туралы шарттың міндетті талабы болып табылады. Инновациялық гранттың пайдаланылмаған қаражаты республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс.
      Алынған бюджет қаражаты бекітілген шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, инновациялық грант түрінде ұсынылған бюджет қаражаты толығымен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.
      24. Инновациялық грант беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, грант беруші шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге Комиссия отырысы хаттамасының көшірмесімен қоса, инновациялық грант беруден бас тарту туралы негіздеме жібереді.
      25. Егер инновациялық грант туралы шарт өтінім берушінің кінәсінен осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген мерзімдерде жасалмаған жағдайда, грант беруші инновациялық грант беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

§ 2. Инновациялық гранттарды берудің шарттары

      26. Инновациялық гранттар:
      1) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға;
      2) инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға;
      3) шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге;
      4) инновациялық технологияларды сатып алуға беріледі.
      27. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулер жұмыстардың мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:
      1) өнімдер өндірудің технологиялық үдерістерін әзірлеу және жетілдіру;
      2) инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын әзірлеу (конструкторлық жұмыстар);
      3) тәжірибелік үлгілерді (жасалатын жаңашылдықтың қағидаттық ерекшеліктері бар бірегей модельдер) жасау;
      4) техникалық және басқа деректерді алу, тәжірибе жинақтау және жаңашылдықты қолдану жөніндегі техникалық құжаттамада алынған нәтижелерді көрсету үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру және өткізу;
      5) селекциялық жетістіктер жасау.
      28. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға инновациялық грант беру мемлекеттік ғылыми-техникалық, экономикалық және қажет болған кезде экологиялық сараптамалардың, сондай-ақ инновациялық гранттар алуға үміткерлердің инновациялық жобаларды патенттік зерттеулердің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
      29. Мыналар өтінім берушінің тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға берілген инновациялық грант қаражатын игеру нәтижелері болып табылады:
      1) өндіруге ұсынылатын өнімнің эксперименталдық немесе тәжірибелік үлгісі;
      2) ұсынылатын өнімнің өндірісіне жобалық-конструкторлық құжаттама пакеті;
      3) өндіруге ұсынылатын өнімнің эксперименталдық немесе тәжірибелік үлгісін сынаулар туралы есеп;
      4) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді жүргізу туралы есеп;
      5) селекциялық жетістіктер;
      6) технология (техникалық құжаттама, есеп, техникалық регламент);
      7) қорғау құжаты.
      30. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға арналған инновациялық грант нәтижелерді үш жыл ішінде енгізу шартымен беріледі.
      31. Өзге шарттар тең болған кезде инновациялық грант тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды экономиканың нақты секторына одан әрі енгізу мақсатында аккредиттеуден өткен және кәсіпкерлік субъектілер тарапынан қоса қаржыландырылатын (ұсыныстардың бюджеттен тыс қаржыландырылатынын растайтын құжаттың болуы) ғылыми ұйымдарға басымдықпен беріледі.
      32. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға арналған инновациялық гранттың игерілу мерзімі мен сомасы нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады, бірақ мыналардан:
      1) мерзімі бойынша - 24 (жиырма төрт) айдан;
      2) сомасы бойынша — 20 (жиырма) миллион теңгеден аспайды.
      33. Инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған инновациялық грант инновацияға мүліктік құқықтары бар тұлғаға беріледі.
      34. Өзге шарттар тең болған кезде инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған инновациялық грант инновациялық жобаны одан әрі енгізу мақсатында кәсіпкерлік субъектілер тарапынан қоса қаржыландырылатын өтінім берушілерге басымдықпен беріледі.
      35. Инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған инновациялық грантты игеру мерзімі нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес, бірақ 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде айқындалады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.14 N 1837 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      36. Мыналар өтінім берушінің инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған инновациялық грант қаражатын игеруінің нәтижелері болып табылады:
      1) инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
      2) техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген іс-шараларды растайтын құжаттар (меморандумдар, ниеттер туралы хаттамалар және т.б.).
      37. Шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге арналған инновациялық грант қорғау құжаттарын алу құқығына ие тұлғаға беріледі.
      38. Шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге арналған инновациялық грант алу үшін мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы (өнертабысты, пайдалы моделдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын сараптамалық ұйымға берілген және мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің болуына тексеруден өткен өтінімнің болуы қажет.
      39. Шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге арналған инновациялық гранттың игерілу мерзімі мен сомасы патенттік ұйымның талаптарын ескере отырып, нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады, бірақ мыналардан:
      1) мерзімі бойынша — 3 (үш) жылдан;
      2) сомасы бойынша - 10 (он) миллион теңгеден аспайды.
      Бұл ретте берілетін грант сомасы оны алғаннан кейінгі алғашқы үш жыл ішінде патентті және (немесе) өзге қорғау құжатын қолдауға арналған қаражатты да қамтиды.
      40. Өтінім берушінің шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге арналған инновациялық грант қаражатын игеруінің нәтижесі зияткерлік меншік объектісіне арналған патент немесе өзге қорғау құжаты немесе шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда қорғау құжаттарын беруден бас тарту туралы шешім болып табылады.
      41. Инновациялық технологияларды сатып алуға арналған инновациялық грант алушының кәсіпорындарда технологияларды енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы сенімгер уәкілге кезеңдік есептерді ұсына отырып, инновациялық грант туралы шартпен айқындалатын мерзім ішінде инновациялық технологияларды міндетті енгізуі шартымен беріледі.
      42. Инновациялық технологияларды сатып алуға арналған грант Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
      43. Инновациялық технологияларды сатып алуға арналған грант берудің негіздемесі оларды қолдану үшін объективті қажеттіліктің болуы және таңдап алынған инновациялық технологиялардың бәсекелік артықшылықтары болып табылады.

3-тарау. Зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша
қабылданған шаралар туралы есептерді беру тәртібі

      44. Инновациялық грант қаражатын оның нысаналы мақсатына сай пайдалану үдерісін тиімді бақылау мақсатында сенімгер уәкіл осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруші ұсынған аралық есептерге сәйкес іс-шаралардың іске асырылуының тұрақты мониторингін жүргізеді.
      45. Грант алушы сенімгер уәкілге осы ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант туралы шартпен айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде аралық әрі қорытынды есептерді ұсынады.
      46. Қорытынды есеп инновациялық грант туралы шартта көзделген барлық іс-шараларды орындау қорытындылары бойынша ұсынылады.
      47. Барлық есептер қағаз және электронды тасығыштарда ұсынылады.
      48. Сенімгер уәкілдің грант берушінің аралық есептерін қарау мерзімі бір айдан, ал қорытынды есебін қарау - оны берген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс.
      Аралық және қорытынды есептерді қарау қорытындылары бойынша сенімгер уәкіл грант берушіге инновациялық гранттарға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану туралы тұрақты есеп береді.

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
1-қосымша

Тіркелген күні Өтінім нөмірі*
200_ жылғы "_"_____ _____________________
*тіркеу нөмірін сенімгер уәкіл береді

Инновациялық грант алуға арналған
ӨТІНІШ

_______________________________________________________________
(ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
(грант түрін көрсету: тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және
(немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындау,
инновациялық жобаның техника-экономикалық негіздемесін дайындау, шет
мемлекеттерде және (немесе) халықаралық ұйымдарда зияткерлік меншік
объектісін патенттеу, инновациялық технологиялар сатып алу)

грант алу үшін қажетті құжаттар пакетімен қоса, осы өтінішті жібереді.

Ұсынылатын жобаның тақырыбы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Мазмұны, мерзімдердің негіздемесі және жобаның құны қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы "_" ______ N ____ қаулысымен бекітілген Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесімен таныстым.

      Ережеге сәйкес талап етілетін құжаттар ___ парақта қоса берілген.

      ______________________ __________________
(өтініш берушінің атынан құжаттарға қолы/аты-жөні/
      қол кою үшін өкілеттігі бар
      адамның лауазымы)

      (мөр)

Конкурсқа материалдарды алғаны туралы белгі*
Алынған күні: 200 жылғы "_" _________
Өтінімнің тіркеу нөмірі _____________
Тіркеуші _______________(аты-жөні, колы)

*Сенімгер уәкілдің өкілі толтырады

      Ескертпе: ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қояды.

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
2-қосымша

ӨТІНІМ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
( заңды тұлға үшін )

________________________________________________________________
      ұйымның толық атауы

Заңды мәртебесі және меншік түрі: ________________________________

Жетекшілік ететін ведомство, ұйым, жоғары оқу ведомствосы, ғылыми-зерттеу институты немесе холдинг:
__________________________________________________________________

Құрылған жылы:____________________________________________________

Мекен-жайы: ______________________________________________________
      индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй
__________________________________________________________________

Тел.:__________ Факс: ________ Е-mаіl: _________ Web-site:_______

Банктік деректемелер, есеп шот, валюталық шот, банктік жеке код, салық төлеушінің тіркеу нөмірі:
__________________________________________________________________

Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
__________________________________________________________________

Қызмет түрі: _____________________________________________________
      сала, кіші сала

Ғылыми-зерттеу және кадрлық әлеует:
а) жоба тақырыбы бойынша соңғы 3 жыл ішіндегі аса маңызды жұмыстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

б) жұмыс істейтін адамдардың нақты саны:_______, оның ішінде: ғылыми қызметкерлер және/немесе инженер-техникалық қызметшілер ____________; әкімшілік басқарушы персонал _________; жұмысшылар және қызметшілер __________;

Бірінші басшы (аты-жөні, туған жылы, лауазымы, нақты пошталық мекен-жайы және жұмыс телефонының нөмірі, білімі, ғылыми дәрежесі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________

Жобаның жетекшісі (аты-жөні, туған жылы, негізгі жұмыс орны, лауазымы, нақты пошталық мекенжайы және жұмыс телефонының нөмірі, ғылыми дәрежесі (атағы):
__________________________________________________________________

Бас бухгалтер (аты-жөні, телефоны): ______________________________

Байланыс жасайтын адам (аты-жөні, телефоны, мекен-жайы): _________

Ұйым басшысының қолы _____________________________________________

      М.О.

(жалғасы)

ӨТІНІМ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
( жеке тұлға үшін )

__________________________________________________________________
      Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы және айы ______________________________________________

Білімі ___________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі
(атағы) __________________________________________________________

Жеке басының куәлігі немесе паспорты (нөмірі және кім берді)
__________________________________________________________________

Мекен-жайы:
__________________________________________________________________
      индекс, облыс, аудан, елді мекен
__________________________________________________________________

Жұмыс орны және лауазымы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қызм. тел.: ___________ Үй тел: ___________ Факс: _______________

Е-mаіl: _______________

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі:
а) жоба тақырыбы бойынша соңғы 3 жыл ішіндегі аса маңызды жұмыстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Ғылыми ұйымның немесе кәсіпорынның өзінің ғылыми-техникалық және өндірістік базасын ұсыну туралы міндеттемесінің бар болуы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Банктік деректемелер, есеп шот, валюталық шот, грант алушы-салық төлеушінің тіркеу нөмірі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Қолы

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
3-қосымша

ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ
(тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы
сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға, инновациялық жобаның
техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған
гранттар үшін)

1. _______________________________________________________________
      жобаның атауы
__________________________________________________________________

2. Жобаның және оның мақсаттарының жаңашылдығын, бірегейлігін, жоба нәтижелерін нақты қолдануды, пайдалану перспективаларын және басқаларды қамтитын сипаты:
__________________________________________________________________

3. Жобаның нәтижесі: патент, басқа құжаттама; зертханалық/тәжірибелік үлгі, технология, бұйымдардың, тораптардың және агрегаттардың прототиптері; сервистік және өзге де қызметтер (қажеттісінің астын сызу керек); басқасы (көрсету керек)
__________________________________________________________________

4. Қолданылатын саласы:
__________________________________________________________________

5. Жобаның сипаты (қажеттісінің астын сызу керек): жаңа өнімді, қызметті, технологияны жасау, басқалары (көрсету керек)
__________________________________________________________________

6. Жобаның негізгі техникалық шешімдерін патенттік қорғау (қажеттісінің асты сызылсын): талап етіледі, талап етілмейді, патенті бар, құқықтық қорғанышы бар.

7. Жобаның дайындық дәрежесі (қажеттісінің астын сызу керек): жобаның идеясы, ғылыми-техникалық құжаттама, тәжірибелік үлгі, конструкторлық құжаттама, өндіріске беруге дайындығы, басқасы (көрсету керек)
__________________________________________________________________

8. Жоба нәтижелерін сатып алу ниеті туралы шарт/хаттама бар ма (иә, жоқ)

9. Жоба іске асырылатын жер (технологиялар сатып алуға және шет мемлекеттер мен (немесе) халықаралық ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге грант алу үшін болжанатын ел):
__________________________________________________________________

10. Талап етілетін қаржыландыру, мың теңге
_______________________________________________

11. Аталған жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма (иә, жоқ) және қандай мөлшерде
__________________________________________________________________

12. Салалық, өңірлік және мемлекеттік деңгейде жобаны қолдау жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері қабылданды ма (нөмірі, күні және атауы)
__________________________________________________________________

13. Жобаны іске асыру мерзімі (ай): ______________________________

14. Жобаның жетекшісі (аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі, қолы):
__________________________________________________________________
Өтінім беруші ұйымның басшысы (жеке тұлға)

_____________________ _________
(аты-жөні) М.О. (қолы)

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
4-қосымша

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРДЫҢ ЖОБАСЫ

Жобаның атауы: ___________________________________________________
__________________________________________________________________

Р/с
N

Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы

Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)

Кезеңнің есеп айырысу бағасы (теңге)

Есептілік нысаны мен түрі

1

2

3

4

5






Жобаның жетекшісі ________________ _____________________
      (қолы) (аты-жөні)

Өтінім беруші ұйымның басшысы ______________ __________________
      (қолы) (аты-жөні)

      М.О.

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
5-қосымша

ШЫҒЫСТАР СМЕТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Жобаның атауы ____________________________________________________

1-кесте.
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға гранттар алу үшін толтырылады

Жұмысты орындауға жұмсалатын шығындар

Шығындардың барлық сомасы, теңге

Жұмыстардың кезеңдері

Шығындар - БАРЛЫҒЫ:


1

2

3

Оның ішінде баптар бойынша -





1. Үшінші тұлғалар (бірлесіп орындаушылар) орындаған жұмыстарға ақы төлеу





2. Жабдық





3. Материалдар және құрамдауыштар





4. Жалақы





5. Салық және басқа аударымдар





6. Ғылыми іссапарлар





7. Үстеме шығыстар





Анықтама: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар - БАРЛЫҒЫ:





оның ішінде:





- өз қаражаты





- өзгелері (қандай екенін көрсету керек)





2-кесте.
Инновациялық технологияларды сатып алуға және шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге гранттар алу үшін толтырылады.

Жұмысты орындауға жұмсалатын шығындар

Шығындардың барлық сомасы, теңге

Жұмыстардың кезеңдері

1

2

3

Шығындар - БАРЛЫҒЫ:





Оның ішінде баптар бойынша -





1. Халықаралық патент алуға байланысты шығындар (баж және т.б.) 1





2. Патенттік-лицензиялау жұмысына жұмсалатын шығындар және сатып алынатын технологияның құны 2





Анықтама: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар - БАРЛЫҒЫ:





оның ішінде:





- өз қаражаты





Жобаның жетекшісі __________________ ______________________
      (қолы) (аты-жөні)

Өтінім беруші ұйымның басшысы ____________ ________________
      (қолы) (аты-жөні)

      М.О.

1 Шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге грант алу үшін толтырылады

2 Технологияларды сатып алуға грант алу үшін толтырылады

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
6-қосымша

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КЕСТЕСІНІҢ ЖОБАСЫ

Жобаның атауы ____________________________________________________
__________________________________________________________________

Р/с
N

Жоба бойынша жұмыс кезеңдері

Кезеңнің басталған және аяқталған күні

Әр кезеңге арналған қаржыландыру сомасы, мың теңге





















Жобаның жетекшісі _______________ ________________
      (қолы) (аты-жөні)

Грант алушы ұйымның басшысы ___________ ________________
      (қолы) (аты-жөні)

      М.О.

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
7-қосымша

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА ЖОБАСЫ

Жобаның атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Барлық гранттарды алуға арналған техникалық тапсырма мыналарды қамтуы тиіс:

      1. Жобаны орындау үшін негіздеме және оның қолданылу саласы.
      2. Жұмыстардың мақсаты және негізгі бағыты (жобаның түпкілікті мақсаты көрсетіледі, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін орындалуы қажет барлық міндеттер мен жұмыстар сипатталады).
      3. Жобаны орындауға қойылатын талаптар (қолда бар және перспективалы техникалық шешімдерді талдау негізінде жұмыс бағытын таңдау негізделеді, жұмыстың негізгі кезеңдері айқындалады және жұмыс немен аяқталатыны көрсетіледі).
      4. Техникалық талаптар (өнімнің - жоба нәтижесінің (бұйымдардың, аспаптардың, технологиялардың және т.б.) барлық технологиялық сипаттамалары көрсетіледі), жобаның нәтижелері соларға сәйкестікте қабылдануы тиіс.
      5. Жобаны орындаудың мерзімдері мен кезеңдері (жұмыстың негізгі кезеңдерінің мазмұны, олардың ұзақтығы мен нәтижелері көрсетіледі; бірлесіп атқарушы ұйымдар жұмыстың қандай бөлігін орындайтындығы көрсетіледі).
      6. Жобаны аяқтау тәртібі (жұмыс немен - үлгілерді жасаумен, сынақтар өткізумен, есептерді жазумен және т.б, аяқталғандығы көрсетіледі).
      Шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншік объектісін патенттеуге гранттар алу үшін қосымша мыналарды көрсету керек:
      7. Сол немесе өзге елде патенттеу қажеттілігінің негіздемесі
      8. Жоба тақырыбы бойынша патенттік зерттеулердің болуы туралы мәліметтер
      9. Шетелде осыған ұқсас патенттердің болуы туралы мәліметтер

      Сондай-ақ, инновациялық технологияларды сатып алуға грант алу үшін мыналарды көрсету қажет:
      10. Қажетті бәсекеге қабілетті инновациялық технологияны алдын ала іздестіру жүргізу туралы мәліметтер
      11. Таңдап алынған инновациялық технологияның бәсекеге қабілеттілігінің негіздемесі
      12. Инновациялық технологияның экономикалық тиімділігінің алдын ала есептемесі

Жобаның жетекшісі ____________________ __________________
      (қолы) (аты-жөні)

Өтінім беруші ұйымның басшысы _____________ ________________
      (қолы) (аты-жөні)

      М.О.

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
8-қосымша

ЖОБАНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
(тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы
сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға, инновациялық жобаның
техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған
гранттар үшін)

1. Жобаның мақсаты, өзектілігі, жобаны орындаудың нәтижелері.

2. Жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстың мәні мен мазмұны.
Ұсынылған әзірлеме жобасының техникалық мәні егжей-тегжейлі сипатталады (қажет болса баяндалғанды суреттермен, схемалармен, диаграммалармен, фотосуреттермен және т.б. көрсету керек). Техникалық параметрлерді және әзірленетін технологияның, құрылғының, үдерістің негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық тапсырманың жобасын (N 7 қосымша) жасауға және негіздеуге мүмкіндік беретін жоба бойынша жұмыстың ғылыми-техникалық мазмұны нақтыланады. Жаңа өнімді және технологияны жасаудың немесе (ұқсас үлгісі бар әзірлеменің түпкілікті объектісі үшін) функционалдық, тұтынушылық, құндық және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басқа көрсеткіштерін жақсартудың алғышарттары қандай жаңашылдықтардың есебінен пайда болатынын көрсету керек. Межелі мақсаттарға қол жеткізген кезде мүмкін болатын техникалық тәуекелдер талқыланады.

МАРКЕТИНГТІК БӨЛІК

3. Тауар өнімдерін өткізудің әлеуетті нарығы және оны тұтынушылар.
Тауар өнімдерін өткізу нарығына сипаттама және баға беріледі. Өнімге ішкі және сыртқы нарықтардағы қолданыстағы және болжамды сұраныстың заттай есептелген және ақшалай балама түріндегі бағасы келтіріледі. Мыналар хабарланады: арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілді ме, қандай компаниялар жобаның нәтижелерін немесе олардың негізінде жасалған өнімдер мен технологияның әлеуетті тұтынушысы болады, осыған ұқсас өнімдерді өндіруші негізгі компаниялар. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізген жағдайда тиісті құжаттаманы қоса беру қажет.

4. Өнімнің артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі негізделеді.
2.1-тармақтың негізінде өнімнің техникалық және құндық көрсеткіштерінің қандай жиынтығы оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететіні айқындалады. Ұсынылатын жаңа өнімнің нақты параметрлерін нарықтағы техникалық көрсеткіштері мен құнының жиынтығы бойынша соған ұқсас өнімдермен салыстыру кестесі келтіріледі. Өнім иеленуі мүмкін нарық тауашасы (ақшалай және заттай мәндегі өткізу көлемі, нарық үлесінің пайызы) бағаланады. Көрсетілген параметрлері бар тауар өнімдерін нақты тұтынушыларға өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды (кепілдеме хат, міндеттемелер, шарттар және т.с.с.) қоса берген жөн. Өнімнің немесе оның құрамдауыштарының болжамды санаттарын сертификаттауды жүргізудің қажеттілігі нақтыланады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ БӨЛІК

5. Жоба бойынша жұмыс кезеңдері.
Кезеңдер бойынша және тұтастай жоба бойынша жұмыс жүргізудің дәйектілігі мен мерзімдері сипатталады және негізделеді. Әрбір кезең бойынша қандай аралық нәтижелер күтілетіні және олар қандай есептілік құжаттармен расталатыны көрсетіледі. Айтылғандардың негізінде күнтізбелік жоспардың жобасы құрастырылады (N 4 қосымша).

6. Жоба бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Жобаны басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде бірлесіп орындаушы ұйымдар (заңды тұлғалар) көрсетіледі. Жоба бойынша жұмыстарды өтінім беруші ұйым мен бірлесіп орындаушы ұйым арасында бөлу қажеттігі негізделеді. Нақты бірлесіп орындаушы ұйымдарды таңдау неге негізделгендігі көрсетіледі, әрбір бірлесіп орындаушы ұйым туралы қысқаша анықтама беріледі:
ұйымның толық атауы;
заңды және нақты мекен-жайы;
ұйым басшысының Т.А.Ә.а., телефоны.
Жоба бойынша жұмыс үдерісінде бірлесіп орындаушы ұйымды ауыстыруға уәкілетті органмен келісім болғанда ғана жол беріледі.

ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІК

Жобаны орындау кезінде бюджет қаражатын нысаналы пайдалану негізделеді (шығындар):

7. Ғылыми жұмыстар үшін арнайы жабдықтар сатып алудың қажеттілігі, жеткізушілерді таңдау, номенклатура мен бағалар. Арнайы жабдықтарға мыналар жатқызылады: егер бұл техникалық тапсырма жобасында (N 7 қосымша) көзделген болса, стендтер, сынақ станциялары, аппаратура, аспаптар, тетіктер, құрылғылар және басқалары (оның ішінде зерттеулердің/сынақтардың объектілері болып табылатын сериялы бұйымдар). Зерттеулердің (сынақтардың) объектілері болып табылмайтын сериялы бұйымдар және сериялық (оның ішінде импорттық) есептеу техникасы ғылыми жұмыстарға арналған арнайы жабдыққа қатысты емес.

8. Материалдарды және құрамдауыштарды сатып алу қажеттілігі, олардың номенклатурасы мен бағалары;

9. Жобаға қатысуға бірлесіп орындаушыларды тартудың қажеттілігі және тиісінше аударымдарымен бірге жалақы төлеуге сұралатын қаражат көлемі: жоба бойынша әрбір жұмыс кезеңі бойынша әрбір жұмыскердің функциялары санамалап көрсетілген штаттық кестені, жоба бойынша жұмысқа жұмыскердің тартылу дәрежесі (толық жұмыс уақыты, бірлесіп орындау бойынша жартылай), жұмыскердің жалақысы, ғылыми іссапарлар (ғылыми мақсаттағы іссапарлар) көрсетіледі.

10. Бірлесіп орындаушылардың, олар сатып алатын жабдық пен материалдарды нобайлап көрсетуді қоса алғанда, бірлесіп орындаушылар жұмысының құны, сондай-ақ тартылатын персоналдың саны.

11. Жоғарыда жазылғандардың негізінде смета жобасы және жобаны қаржыландыру кестесінің жобасы жасалады.

      Ескертпе: Барлық шығыс деректері мен есептеу шамалары үшін оларды алу көздері көрсетілуі тиіс. Бағалау шамалары үшін есептеу жүргізілетін нақты күні көрсетілуі тиіс.

Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік
объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар
туралы есептер беру ережесіне
9-қосымша

Грант нәтижелерін коммерцияландыру үшін жүзеге
асырылған іс-шаралар бойынша
ЕСЕП НЫСАНЫ*

Жалпы ақпарат:

Есеп беретін күн


Грант алушының атауы


Грант шартының нөмірі мен күні


Гранттың мақсаты


Гранттың сомасы


Есептілік кезеңі


Гранттың қол жеткізілген нәтижесі


Қорғау құжатының атауы
(бар болған жағдайда)


Қорғау құжатының берілген күні мен нөмірі (бар болған жағдайда)


Коммерцияландыру бойынша қол жеткізілген нәтижелер:

N

Әріптестің атауы

Шарттың атауы

Шарттың нөмірі және күні

Шарттың сомасы

Шарттың мерзімі

Төлеу шарттары








Жоба нәтижелерін одан әрі коммерцияландыру жөніндегі іс-шаралар:

N

Әлеуетті әріптестің атауы

Болжамды мәміленің мәні

Мәміленің болжамды сомасы

Шарт жасасудың болжамды мерзімдері











Жоба нәтижелерін коммерцияландырудың нақты нысаны мен көлемдері*:

N

Коммерцияландыру нысаны

КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ КӨЛЕМДЕРІ\мың теңге\

1-жыл

2-жыл

3-жыл

1

Зияткерлік меншік объектісін (объектілерін) сату;




2

Технологияға лицензияны сату;




3

Техникалық құжаттаманы және технология сипаттамасын сату;




4

Жаңа өнім өндіруді ұйымдастыру және сату;




5

Жаңа қызметтерді ұйымдастыру;




6

Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру;




7

Коммерцияландырудың басқа нысандары




      - грант ерекшелігіне қарай толтырылады.

(жалғасы)

200_ жылғы "_" ______ N ___ шарт бойынша ұсынылған нысаналы
бюджеттік қаражатты пайдалану туралы қаржылық есеп

N

Смета бойынша шығындар бабының атауы

Смета бойынша бюджеттік қаражаттың сомасы

Жұмсалған сома

Қаражаттың қалдығы

Растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








Жиыны:







      Ескертпе: мақсатты пайдалануды растайтын құжаттардың көшірмесі қоса берілсін.

Грант алушы _______________________ _________________________
      (қолы) (аты-жөні)

      М.О.

*3 жыл бойына жыл сайын уәкілетті органға тапсырылады.