Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1189 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 802 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 32, 345-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов