Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1187 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында :
      "Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде :
      2-1-тармақта:
      үшінші абзацтағы "14 айға дейінгі" деген сөздер "5 жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшінші абзацтағы "сүт" деген сөзден кейін ", май-тоң май өнімдерін, астық және ұн" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында :
      "Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету" деген 2-1-бөлімде:
      реттік нөмірі 6-4-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай";
      реттік нөмірі 6-5-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған тиісті шарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында :
      "Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету" деген 1-1-бөлімде:
      реттік нөмірі 6-1-жолдың 4, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      "АШМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ЕДБ (келісім бойынша), қауымдастықтар, одақтар (келісім бойынша)";
      "ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов