Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 және 2009 жылғы 18 ақпандағы N 185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1185 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде :
      "А-25 Ақтөбе-РФ шек. (Орск қаласына)" деген жолдағы "135" деген сандар "127" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "23502,6" деген сандар "23494,6" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов