Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 1158 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 695 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Оразқұлов                    - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қанат Орынтайұлы               Күзет қызметі бастығының орынбасары
                               (келісім бойынша);

Секішев                      - Қазақстан Республикасы Бас
Асқар Асанханұлы               прокурорының орынбасары
                               (келісім бойынша);

Қасымов                      - Қазақстан Республикасының
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы     Ішкі істер вице-министрі;

Петров                       - Қазақстан Республикасының
Валерий Викторович             Төтенше жағдайлар вице-министрі;

Носоновский                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Геннадий Владимирович          министрлігінің Штабтар бастықтары
                               комитеті төрағасының орынбасары;

Сафинов                      - Қазақстан Республикасы Энергетика
Қанатбек Бейсенбекұлы          және минералдық ресурстар
                               министрлігінің жауапты хатшысы;

      мына:

"Қасымбек                    - Қазақстан Республикасының Көлік
Жеңіс Махмұдұлы                және коммуникация вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қасымбек                    - Қазақстан Республикасының Көлік
Жеңіс Махмұдұлы                және коммуникация министрлігінің
                               жауапты хатшысы";

      көрсетілген құрамнан Олег Анатольевич Федоров, Абылай Қиялұлы Сабдалин, Асқар Болатұлы Баталов, Амантай Жәнкеұлы Күреңбеков, Ерғали Серікбайұлы Мырзадинов, Сәкен Әділханұлы Жасұзақов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов