"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының 11,3 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Самұрық-Қазына" АҚ) қарасты "КАZNЕХ" экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы" акционерлік қоғамының 100 пайыз акцияларының орнына "Самұрық-Қазына" АҚ-ның меншігіне беруді;
2) оны мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін "КАZNЕХ" экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 237-33-жолмен толықтырылсын:
"237-33. "КАZNЕХ" экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы" АҚ";
2) "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 668 қаулысында :
3-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов