Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 және 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі N 1041 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 01.06.2016 N 15/05 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту мақсатында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      еңбек рыногындағы талап етілмейтін және ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      жас отбасылар (29 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар);
      жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген, 45 жастан асқан әйелдер;
      қоғамдық жұмыстарға тартылған, бірақ жұмысқа орналастырылмаған адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жезқазған қаласының әкімі
Қ. Балмағамбетов