Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі N 1029 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 458 қаулысымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 415 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару, ішкі қаржылық бақылау әдіснамасы, бюджеттік кредит беру департаментіне (Б.Х. Ташенев) осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                         Б. Жәмішев