Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 362 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы N 986 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 21, 195-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      3-тармақтың 1) тармақшасы "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізген кезде радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасын
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов