Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 848 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2019 № 213 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 69-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:

      "19. Көлік құралдарына жарнама орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері сақтала отырып, көлік құралдарының меншік иелерімен және егер заңда немесе шартта осы мүлікке өзге де заттық құқықтарды иеленуші тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлік құралдарына өзге де заттық құқықтар иеленуші тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

      20. Жарнама объектілерін көлік құралдарына орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі саласындағы стандарттары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталуы тиіс.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов