Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 768 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      мәтіндегі "Қазына" ОДҚ" АҚ" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
      "Шағын және орта бизнестің жобаларына одан әрі тұрақты кредит беруді қамтамасыз ету" деген 2-кіші бөлімде:
      он төртінші абзацтағы "аспауы тиіс" деген сөздерден кейін ", ал тиімді ставка жылдық 14 пайыздан аспауы тиіс" деген сөздермен толықтырылсын;
      он бесінші абзацтағы "6" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
      он алтыншы абзацта:
      "30" деген сандар "70" деген сандармен ауыстырылсын;
      "аспауы тиіс" деген сөздерден кейін ", ал банктер 2009 жылғы 1 тоқсанның соңына дейін игеретін қаражат бойынша қайта қаржыландыру жөніндегі шектеу толық алып тасталады";
      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 589160 АЕК-ге дейін.";
      мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ берген қаражат бөлігінде жергілікті атқарушы органдар әкімдіктерінің жанындағы комиссиялардың өкілеттіктері қолданылмайды.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      мәтіндегі "Қазына" ОДҚ" АҚ", "Қазына" ОДҚ" АҚ" (келісім бойынша)" деген сөздер тиісінше "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ", "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6-7-жолдың 2-бағанында:
      "12,5 %-дан" деген сөздерден кейін ", ал тиімді ставка жылдық 14 %-дан" деген сөздермен толықтырылсын;
      "300000 АЕК" деген сөздер "шағын және орта бизнестің өндірістік жобалары бойынша 589160 АЕК" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6-8-жолдың 2-бағанында:
      "Шағын" деген сөз "Өңірлердің шағын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өңірлік басымдықтарға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      "түпкілікті" деген сөз "тиімді" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов