Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына енгізілсін:
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары, төраға;
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гулшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қосынов - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Алмас Олжабайұлы сауда вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Шөкеев Өмірзақ Естайұлы, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Бішімбаев Қуандық Уәлиханұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов