Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 689 Қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 12 мамырдағы
N 691 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының спортшыларын 1994, 1996 жылдардағы кезекті Олимпиадалық және Азиялық ойындарға даярлау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1013 қаулысы .
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 мамырдағы N 525 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 229-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасының спортшыларын 2000 жылғы Сидней қаласындағы (Австралия) ХХVІІ Олимпиадалық ойындарға қатысуға даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 57, 554-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1956 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 34, 407-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасының спортшыларына - Сидней қаласындағы (Австралия) 2000 жылғы XXVII Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына бір жолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қазандағы N 1510 қаулысы .
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 қазандағы N 1510 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қазандағы N 1525 қаулысы .
      7. "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 160 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 50-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы спортшыларының 2002 жылы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Балтық елдері мен Ресей аймақтарының Халықаралық жасөспірімдер спорт ойындарына қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 527 қаулысы .
      9. "Қазақстан Республикасының спортшыларына - 2002 жылы Бусан қаласында (Корея Республикасы) өткен XIV Азия ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1166 қаулысы .
      10. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Халықаралық спорт ойындарын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 8, 90-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасының спортшылары - Афины қаласындағы (Грекия) XXVIII Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына біржолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі N 980 қаулысы .
      12. "Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 13, 152-құжат).
      13. "Қазақстан Республикасының спортшылары - 2006 жылғы Турин қаласындағы (Италия Республикасы) XX қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына төленетін біржолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 714 қаулысы .
      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 50, 543-құжат).
      15. "Қазақстан Республикасының спортшылары - 2008 жылғы Пекин қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына арналған біржолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 827 қаулысы .