Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 2, 20 және 27-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1 және 43-1-жолдармен толықтырылсын:
"
11-1 |
"Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ЭБЖМ |
Қаңтар |
Ақпан |
Маусым |
М.Ә. Құсайынов |
";
"
43-1 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
БП (келісім бойынша), ІІМ |
Қыркүйек |
Қазан |
Желтоқсан |
И.Д. Меркель |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов