"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 644 Қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Орталық Азия инвестициялық компаниясы" акционерлік қоғамы, Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин мырза, "Alnair Capital Holding (Альнаир Капитал Холдингі)" акционерлік қоғамы, "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы арасында 2009 жылғы 15 қаңтарда жасалған "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасаған Тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру туралы келісімде айқындалатын санда және баға бойынша "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов