Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 633 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      "Шағын және орта бизнесті қолдау" деген бөлімде:
      тақырыбы "бизнесті" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Азық-түлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін және отандық тамақ өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында бөлінетін 30 % шеңберіндегі қаражат ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін ендіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберілетін болады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын көрсетілген қарыз алушылар тек қана шағын және орта бизнес субъектілеріне жатқызылмауы мүмкін.";
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "IV. Шағын және орта бизнесті қолдау" деген бөлімде:
      тақырыбы "бизнесті" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "шағын және орта бизнесті" деген сөздерден кейін "және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ШОБ" деген аббревиатурадан кейін "және АШӨҚӨжТӨӨК" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Азық-түлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін және отандық тамақ өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында, бөлінетін 30 % шеңберіндегі қаражат ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберілетін болады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын көрсетілген қарыз алушылар тек қана шағын және орта бизнес субъектілеріне жатқызылмауы мүмкін.";
      "V. 30 корпоративтік көшбасшы бағдарламасын іске асырудың екінші бағытын іске асыру" деген бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      "VI. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13, 14-жолдармен толықтырылсын:

"

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

10.

Көксарай су қоймасын, басқа ирригациялық құрылыстарды салуды жалғастыру

ТЖМ, АШМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2009 жылғы желтоқсан

11.

Атырау облысында алғашқы біріктірілген газ-химия кешенін салуды бастау

ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2009 - 2011 жылдар шілде, қаңтар

12.

Мойнақ СЭС-ін салу, Екібастұз ҚТЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту және Балқаш ЖЭС-ін салу

ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2009 - 2011 жылдар шілде, қаңтар

13.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожол транзит дәлізін қайта жаңарту

ККМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Жыл сайын, 2009 - 2011 жылдар желтоқсан

14.

Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңарту және жаңғырту

ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2009 жылғы 15 шілде, 2010 жылғы
15 қаңтар

";

      "VII. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2.6., 2.7., 2.8., 2.9., 2.10., 2.11., 2.12-жолдармен толықтырылсын:

"

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

2.6.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және қайта өңдеу саласын барынша біріктіру мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру

АШМ, ЭБЖМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2009 жылғы маусым

2.7.

Жүйелі мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жолымен соя мен жүгері егіс алқаптарын кеңейту

АШМ, "Жетісу", "Оңтүстік" ӘКК" АҚ (келісім бойынша), Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2009 жылғы шілде

2.8.

Жұмыс істеп тұрған соя мен жүгері өңдеу зауыттарының қуатын арттыру

АШМ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы қазан

2.9.

Астықты тереңдете өңдеудің қосылған құны жоғары тауарларын өндіру қуаттарын арттыру

АШМ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы қыркүйек

2.10.

Ауыл шаруашылығы, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық және технологиялық жабдықтарын жаңғыртуды жүзеге асыру

АШМ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз

2.11.

Тауарлық балық өсіруді және аква дақылдарды дамытуды мемлекеттік ынталандыру және қолдау тетіктерін әзірлеу

АШМ

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2009 жылғы маусым

2.12.

Балық аулау, балық өсіру кәсіпорындары мен балықты қайта өңдеу кәсіпорындары арасындағы тігінен біріктірілген байланыстарды дамыту

АШМ, облыстардың әкімдіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

жыл сайын, жыл қорытындылары бойынша

";

      "Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы" мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "АШӨҚӨжТӨӨК - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорны";
      3) "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 148 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен мақұлданған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және екінші деңгейдегі банктер арасындағы кейіннен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерде орналастыру туралы бас келісімде:
      "Орналастырылған қаражатты беру шарттары және оны өтеу тәртібі" деген 3-бөлімнің 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Осы Келісімде көзделген ақшаның 30 %-ы мөлшеріндегі қаражат ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жіберіледі";
      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 6 мамырдағы
N 633 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 13 қаңтардағы
N 6 қаулысымен  
бекітілген    

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

V. "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасының екінші бағытын іске асыру

Тетіктері: жобаларды іске асыру мынадай бағыттарда жүзеге асырылатын болады:
астықты тереңдете қайта өңдеуді дамыту;
ет пен сүтті қайта өңдеу;
балық шаруашылығын және балық өнімін қайта өңдеуді дамыту;
жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және басқалары

Осы бағыттардағы іске асырылатын жобаларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:
инвестициялық жобаны іске асыруды, инфрақұрылымды салуды, ілеспе өндірістерді дамытуды қаржылай қолдау;
институционалдық қолдау (заңнаманы өзгерту, жер және жер қойнауын пайдалануға құқықтар беру, еңбек ресурстарын дамыту және ҒЗТКЖ).

Үйлестіру тұрғысынан алып қарағанда "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар осы бағыттың негізгі операторлары болып табылады.

Осы бағыттағы жобалар бойынша инфрақұрылымдар салуды қаржыландыру тікелей бюджеттік бағдарламалар әкімшілері (жергілікті атқарушы органдар) арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен және/немесе республикалық бюджеттен капиталдандыруға бөлінетін қаражат есебінен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады.

Инвестициялық жобаны сыртқы инфрақұрылымға байланыстырмай қаржыландыру "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның еншілес ұйымдары және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қарыз қаражаты және/немесе капиталдандыруға және/немесе бюджет қарызы түрінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

1.

Ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер кешенін құру үшін мастер-жоспарлар әзірлеу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға қаражат бөлу

ЭБЖМ

Үкімет қаулысы

2009 жылғы сәуір

2.

Ықпалдасқан, өзара байланысты және ілеспе өндірістер кешенін құру үшін мастер-жоспарлар әзірлеу

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ

мастер-жоспарлар

2009 жылғы қазан

3.

Жобаларды іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ӘКК

Үкіметке ақпарат

2009 жылғы маусым

4.

Мастер-жоспарларды Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу

ЭБЖМ, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ

Мемлекеттік комиссия шешімі

2009 жылғы қараша

5.

Жобаларды іске асыруға конкурс жариялау

"Самұрық-Қазына" АҚ, ӘКК

БАҚ-қа ақпарат

2009 жылғы қараша

6.

Жобаларды іске асырудың басталуы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ӘКК, АШМ, "ҚазАгро" АҚ

Үкіметке ақпарат

2010 жылғы қаңтар

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭБЖМ              - Қазақстан Республикасы Экономика және
                          бюджеттік жоспарлау министрлігі
      АШМ               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрлігі
      "Самұрық-Қазына"  - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры"
      ҰӘҚ" АҚ             акционерлік қоғамы
      "ҚазАгро" ҰБХ"    - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі"
      АҚ                  акционерлік қоғамы
      ӘКК               - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар