Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1165 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 557 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 1165 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 46, 539-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов