Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - "Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" және "Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласы, бірігу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - "Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" және "Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, болып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қызылорда қаласы.
2. Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қапшағай қаласы.
3. Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Өскемен қаласы.
4. Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Атырау қаласы.
5. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Астана қаласы.
6. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қостанай қаласы.
7. Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Тараз қаласы.
8. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қарағанды қаласы.