Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1151 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 409 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарашығанақ-Орал" газ құбырын салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1151 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      "газ бөлу станциясы бар" деген сөздерден кейін "Новопавловка және Жымпиты ауылдарына дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
      "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов