Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"IV. Шағын және орта бизнесті қолдау" деген бөлімде:
"Шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қол жетімділігін кеңейту" деген 3-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанында "мен даму жоспарларында" деген сөздер ", даму жоспарларында және қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"VII. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" деген бөлімде:
"Инвестицияларды жұмыс істеп тұрған және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды қолдауға бағыттау, оның ішінде:" деген 2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚазАгро"ҰХ" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының жаңа бағыттарын түзету және/немесе таңдау "ҚазАгро"ҰХ" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады";
реттік нөмірі 2.5-жолдың 2-бағанында "ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жүзеге асыру жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кейіннен қаржыландыру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов