Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
5-тармақта:
үшінші абзацта "медициналық" деген сөз "*медициналық" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"дәрілік заттарды" деген сөздер "**дәрілік заттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өндіру" деген сөзден кейін "немесе көтерме саудада өткізу" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзацта "дәрілік заттардың" деген сөздер "***дәрілік заттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |