Облыстық бюджеттердің 2009 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығы тиімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 168 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды  мемлекеттік реттеу туралы" және " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2009 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің     
2009 жылғы 17 ақпандағы
N 168 қаулысымен   
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің 2009 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 088 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі - тауар өндірушілер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.
      2. Субсидиялар сиыр етін, шошқа етін, сүтті, биязы жүнді, бройлерлік құс етін (бұдан әрі - құс еті), сондай-ақ жұмыртқалағыш кростың тауық жұмыртқасын (бұдан әрі - тағамдық жұмыртқа) өндіру мен сатуды ынталандыру мақсатында ірі қара малды, шошқаны және құсты бордақылау кезінде пайдаланылатын құрама азықтың және (немесе) құнарлы жемшөптің (бұдан әрі - құнарлы жемшөп) құнын ішінара арзандатуға (45 %-ға дейін), сондай-ақ сүт пен биязы жүнді қой (бұдан әрі - биязы жүн) өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге тауар өндірушілерге арналады.
      3. Субсидиялар сиыр еті, шошқа еті, сүт өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге сәйкестендірілген сою пункттерінің немесе сүтті бастапқы қайта өңдеу цехтарының қызметін пайдаланған кезде қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе еркін нарықта, ал құс етінің, тағамдық жұмыртқаның, жүннің еркін нарықта сатылған өнімнің іс жүзіндегі көлемі үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен квоталар шегінде төленеді.
      4. Тауар өндірушілерге және өндірілген өнімнің сапасына қойылатын өлшемдер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бұйрығымен белгіленеді. Квоталарды, өнімнің субсидияланатын көлемін анықтау шығымдылықтың тегі мен бағытына байланысты өнім шығуының зоотехникалық нормаларының негізінде жүзеге асырылады. Тексіз мал үшін шығымдылықтың орташа аудандық статистикалық көрсеткіші негізге алынады.
      5. Мыналар субсидиялауға жатпайды:
      сиыр етін, шошқа етін, жүнді, құс етін, тағамдық жұмыртқаны және сүтті (бұдан әрі - өнім) одан әрі сату және (немесе) қайта өңдеу үшін тауар өндірушілер басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнім;
      аффилиирленген тұлғаларға беруді немесе қайта өңдеуге сатуды қоспағанда, өзара есеп айырысу есебіне аффилиирленген тұлғаларға айырбас бойынша тауар өндірушілер сатқан өнім;
      жануарларды мәжбүрлі санитарлық сою нәтижесінде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндік және шектеулі іс-шаралардың әрекет ету кезеңінде тауар өндірушілер алған өнім.
      6. Субсидияларды алуға арналған өтінімдердің, тауар өндірушілер үшін квоталар жасаудың, аудан бойынша сатылған өнімнің көлемі бойынша
жиынтық актінің, сатылған өнімге субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомостың, есептіліктің үлгі нысандарын, сондай-ақ тірі салмағын сойысқа аудару коэффициентін, қаражатты бөлудің жылдық сметасын Министрлік бекітеді.
      7. Ірі қара малды, шошқаны, құсты бордақылау үшін пайдаланылатын құрама азықтың (құнарлы жемшөптің) 1 (бір) килограмының құнын арзандату, өнімнің 1 (бір) килограмын өндіруге жұмсалатын құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының, өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 (бір) килограмына арналған субсидиялардың нормативі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      8. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде облыстық бюджеттерге мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ қол қойылған Облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шегінде аударады.

2. Мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруға берілетін субсидияларды пайдалану тәртібі

       9. Облыс әкімінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы
мәселелері жөніндегі орынбасарының төрағалығымен құрамында облыстың
Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі - Басқарма), Министрліктің
аумақтық инспекциясының, сондай-ақ олар болған жағдайда Мал шаруашылығы саласындағы қауымдастықтың мамандары бар комиссия (бұдан әрі - облыс Комиссиясы) құрылады. Облыс Комиссиясының жұмыс органы Басқарма болып табылады. Облыс Комиссиясының құзыретіне мыналар кіреді:
      1) үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлімдер) ұсынған, тауар өндірушілердің өтінімдерінен, олардың субсидиялар алушыларды санаттарға жатқызған тізімнен, субсидияланатын өнім көлемінің жылдық квота мөлшерінен тұратын субсидиялар алуға арналған жиынтық материалдарды (бұдан әрі - материалдар) қарау;
      2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша тауар өндірушілердің субсидиялар алуға арналған жиынтық тізімін, субсидиялауға жататын өнімді сатуға арналған жылдық квоталарды, сондай-ақ субсидиялар көлемін облыс әкіміне бекітуге ұсыну.
      10. Тауар өндірушілердің өтінімдері белгіленген квотадан асып түскен жағдайда облыс Комиссиясы отарында тұқымдық малдың үлес салмағы жоғары болған (сиыр еті, шошқа еті, сүт бойынша) тауар өндірушілерді тізімге енгізеді. Ал құс еті мен тағамдық жұмыртқа үшін өтінімдер көлемі бойынша барабар бөледі.
      11. Тауар өндірушілер осы Ереже ресми жарияланған күнінен бастап екі апта мерзімде субсидиялар алуға арналған өтінімдерді тиісті аудандардың бөлімдеріне ұсынады.
      12. Бөлім өтінімдердің түсу шамасына қарай үш жұмыс күні ішінде
ұсынылған өтінімдерді тексеруді жүзеге асырады және олар сәйкес болған жағдайда субсидиялар алушыларды санаттарға жатқыза отырып, олардың жиынтық тізімін және тауар өндірушілер бөлінісінде жылдық квоталар көлемін жасайды және аудан әкімінің қолымен материалдарды облыс Комиссиясының қарауына жібереді. Ұсынылған өтінімдер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлім үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды тауар өндірушілерге ұсынылған өтінімдердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеу себептеріне сипаттама бере отырып, пысықтауға қайтарады.
      13. Облыс әкімі облыс Комиссиясының ұсынысы бойынша:
      тауар өндірушілердің субсидиялар алу құқығына арналған тізімді;
      тауар өндірушілерге берілетін квоталар мен сатылатын өнімнің жоспарланып отырған көлеміне берілетін субсидиялар көлемін бекітеді.
      14. Тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай субсидиялар алу үшін ай сайын, бірақ 2009 жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесін (қолма-қол ақшасыз есеп айырысқан жағдайда банктің төлем тапсырмасы және (немесе) қолма-қол есеп айырысқан жағдайда кіріс-кассалық ордер және (немесе) шот фактура);
      2) қайта өңдеу кәсіпорнының сәйкестендіру кодының бар болуы туралы анықтама, ал еркін нарықта сатқан жағдайда қосымша сиыр етін, шошқа етін, сүтті сату кезінде мал сою немесе сүтті бастапқы қайта өңдеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі төлем құжаттың көшірмесін.
      15. Бөлім ай сайын құжаттардың түсу шамасына қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2009 жылдың 25 желтоқсаннан кешіктірмей осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар сәйкес келген жағдайда аудан бойынша өнімді сату туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді және жиналған құжаттарды және төлем шоттарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша біріктірілген жиынтық ведомость қалыптастыратын Басқарманың қарауына және төлеуге ұсынады. 
      16. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлім үш жұмыс күні ішінде оларды тауар өндірушілерге олардың сәйкес келмеу себептеріне сипаттама бере отырып, пысықтауға қайтарады.
      17. Тиесілі субсидияларды тиісті тауар өндірушілердің ағымдағы шоттарына аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      18. Бөлім субсидиялар төлеу үшін Басқармаға ұсынылатын құжаттардың, сондай-ақ материалдардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      19. Басқарма субсидиялауға жататын өнімдерді сатуға арналған жылдық квоталарды, субсидиялар көлемін бөлуге, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттердің субсидиялауға қатысатын тауар өндірушілерге уақтылы аударылуына жауапты болады.
      20. Басқарма Министрлікке ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2009 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлік бекіткен нысандар бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады.
      21. Облыс әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері туралы аралық есепті 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
      22. Қандай-да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджетте 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидиялар төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      23. Министрлік жасалған нәтижелер туралы келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге уақтылы аудармағаны үшін жауапты болады.
      24. Облыс әкімдері нысаналы трансферттерді жасалған нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес пайдаланбағаны үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
      25. Министрлік пен облыс әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапты болады.

                                                           Ережеге                                                               1-қосымша

           1. Құрама азықтың (құнарлы жемшөптің)
         1 килограмының құнын арзандату нормативі

Р/с
N

Өнімнің атауы

Құрама азықтың (құнарлы жемшөптің)1 килограмын арзандату нормативі, теңге

1.

Сиыр еті - I деңгей

құрама азық

16,4

2.

Сиыр еті - II деңгей

құрама азық

14

3.

Сиыр еті - II деңгей

құнарлы жемшөп

9,5

4.

Сиыр еті - III деңгей

құрама азық

9,1

5.

Сиыр еті - III деңгей

құнарлы жемшөп

7,3

6.

Шошқа еті

13,9

7.

Құс еті

25,4

8.

Жұмыртқа

13,1

     2. Өнімнің 1 килограмын, 10 данасын өндіруге жұмсалатын
        құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының нормативі

Р/с
N

Өнімнің түрі

Өнімнің 1 килограмын, 10 данасын өндіруге жұмсалатын құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының мөлшері, килограмм

1.

Сиыр еті - I деңгей

құрама азық

11

2.

Сиыр еті - IІ деңгей

құрама азық

11

3.

Сиыр еті - IІ деңгей

құнарлы жемшөп

11

4.

Сиыр еті - IІІ деңгей

құрама азық

11

5.

Сиыр еті - IІІ деңгей

құнарлы жемшөп

11

6.

Шошқа еті

7

7.

Құс еті

2,61

8.

Жұмыртқа

0,2

      3. Өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 килограмына,
         1 данасына арналған субсидиялардың нормативі  

Р/с
N

Өнімнің түрі

Өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 килограмына, 1 данасына арналған субсидиялардың нормативі, теңге

1.

Сиыр еті - I деңгей

құрама азық

170

2.

Сиыр еті - II деңгей

құрама азық

138

3.

Сиыр еті - II деңгей

құнарлы жемшөп

90

4.

Сиыр еті - III деңгей

құрама азық

100

5.

Сиыр еті - III деңгей

құнарлы жемшөп

80

6.

Шошқа еті

98

7.

Құс еті

66

8.

Жұмыртқа

2,6

     4. Сатылған өнімнің 1 килограмын өндіруге жұмсалған
                шығындарды арзандату нормативі  

Р/с
N

Өнімнің түрі

Өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 килограмының өзіндік құны, теңге

Өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 килограмын арзандату нормативі, %

Өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 килограмына арналған субсидиялар нормативі, теңге

1.

Сүт - I деңгей

68

30

20

2.

Сүт - II деңгей

47

23

11

3.

Сүт - III деңгей

47

11

5

4.

Жүн (биязы)

360

45

162

                                                         Ережеге
                                                        2-қосымша

        "Бекітемін"
_______________________ облысы
Ауыл шаруашылығы Басқармасының
бастығы ______________________
        (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

2009 жыл "___"________________

   ____ ______________ __ облысы бойынша 2009 жылғы _____________
_ ____ ____________ өндіруге және сатуға субсидиялар төлеуге арналған
(сиыр еті, шошқа еті, құс еті, жұмыртқа, сүт және жүн - (керегін қалдыру)
                  біріктірілген жиынтық ведомость

Атауы

Өнімді
сату-
дың
жылдық
кво-
тасы,
тонна,
мың
дана
 

1 кг,
дана
өнімді
арзан-
дату
норма-
тиві,
теңге

Суб-
си-
дия-
лар-
дың
жалпы
қа-
жет-
тілі-
гі,
теңге

Іс жүзінде сатылған өнім, тонна, мың дана

Өнімді өндіру және сату үшін іс жүзінде пайдаланылған құрама азықтар (құнарлы азықтар), тонна

Жыл
басы-
нан
бас-
тап
суб-
си-
дия-
лар-
дың
тие-
сілі
со-
масы,
теңге
 

Жыл
басы-
нан
бас-
тап
тө-
лен-
гені,
теңге

Суб-
си-
дия-
лар-
дың
тие-
сілі
сома-
сының
қал-
дығы,
теңге

Төле-
нуге
жата-
тыны,
теңге

ар-
найы
кәсі-
порын-
дар

өнім-
дер

жыл
басы-
нан
бас-
тап

есеп-
ті
айда

жыл
басы-
нан
бас-
тап

есеп-
ті
айда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мал шаруашылығы бөлімінің
бастығы (жауапты тұлға)   ___________________________ (Т.А.Ә., қолы)

Бухгалтер (жауапты тұлға) ___________________________ (Т.А.Ә., қолы)