Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 122 Қаулысы

      Жайық өзені атырауы сулы-батпақты жерлерінің және Каспий теңізінің іргелес жағалауының бірегей биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағында жалпы алаңы 111500 га Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      2. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 12602 га жер учаскелері мынадай:
      12602 га - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатындағы жерлерден алынсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.29 N 763 Қаулысымен.
      3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 98898 га босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға мекемеге берілсін.
      Көрсетілген жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.29 N 763 Қаулысымен.
      4. Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектеу қойсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сомалар есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-2-жолмен толықтырылсын:
      "9-2. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесі";
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 6-жолда:
      "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты"                99"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты"                    86";
      3-бағанда:
      "13138", "5033" деген сандар тиісінше "13224", "5119" деген сандармен ауыстырылсын.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           2009 жылғы 6 ақпандағы
                                                N 119 қаулысына
                                                    қосымша

    "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватына Атырау қаласы мен
    Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы тұрақты жер
     пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.29
N 763 Қаулысымен.

Р/с

Атауы

Резерваттың жалпы көлемі, га

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

оның:

босалқы жерлер

оның:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

батпақты жерлер

ауыл шаруашылығы жерлері

оның ішінде

батпақты жерлер

жайылымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Махамбет ауданы

1

"Первомайский" ЖШС

5 943

5 943

-

5 943

-

-

-

-

2

Босалқы жерлер, оның ішінде

51 652

-

-

-

51 652

9 650

9 650

42 002


теңіз акваторийі

10 599

-

-

-

10 599

-

-

-


Жиыны:

57 595

5 943

-

5 943

51 652

9 650

9 650

42 002

Атырау қаласы

1

"Амангелді" ӨК

3 022

3 022

-

3 022

-

-

-

-

2

"Аманат Арал" ӨК

760

760

-

760

-

-

-

-

3

"Еркін қала" ӨК

1 067

1 067

-

1 067

-

-

-

-

4

"Құрманғазы" ӨК

1 159

1 159

-

1 159

-

-

-

-

5

"Қызыл Балық" ӨК

651

651

-

651

-

-

-

-

6

Босалқы жерлер, оның ішінде

47 246

-

-

-

47 246

-

-

47 246


теңіз акваторийі

26 771

-

-

-

26 771

-

-

-


Жиыны:

53 905

6 659

-

6 659

47 246

-

-

47 246


Барлық жерлер:

111 500

12 602

-

12 602

98 898

9 650

9 650

89 248

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ӨК - өндірістік кооператив