Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада :
"Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы" деген 2-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
1) тармақшада "Денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің)" деген сөздерден кейін "дәрігерлерінен, орта медицина қызметкерлерінен, санитарларынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "Денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің" деген сөздерден кейін "дәрігерлерінен, орта медициналық қызметкерлерінен басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада "туберкулезге қарсы кабинеттердің" деген сөздерден кейін "дәрігерлерінен, орта медициналық қызметкерлерінен, санитарларынан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21) тармақшалармен толықтырылс ын:
"
18) |
Туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінің, диспансерлерінің, аудандық орталық ауруханалардың және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары бөлімшелерінің дәрігерлеріне, орта медицина қызметкерлеріне, санитарларына туберкулездің мультирезистенттік түрімен ауыратын сырқаттармен жұмыс істегені үшін |
БЛЖ-дан 220 % |
||
19) |
Туберкулездік (туберкулезге қарсы) мекемелерінің, диспансерлерінің, орталық аудандық ауруханалар және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары бөлімшелерінің, санаторийлердің, санаторий-профилакторийлердің, емдеу-өндірістік шеберханалардың, бөлімшелердің, палаталардың, емдеу-алдын алу ұйымдарының туберкулезбен ауыратындарға арналған оқшаулағыштардың, интернат-үйлерінің туберкулезге қарсы кабинеттердің, балалар туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) дәрігерлеріне, орта медицина қызметкерлеріне, санитарларына |
БЛЖ-дан 190 % |
||
20) |
Жұмысында рентген сәулелі диагностика пайдаланылатын дәрігерлерге, орта медицина қызметкерлеріне |
БЛЖ-дан 80 % |
||
21) |
Жұмысында ультродыбыстық диагностика пайдаланылатын дәрігерлерге, орта медицина қызметкерлеріне |
БЛЖ-дан 60 % |
";
реттік нөмірі 6-жолда:
2) тармақшада:
бірінші абзац "акушер-гинекологиялық" деген сөздерден кейін ", неонатологиялық, гематологиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"неонатолог";
жиырма екінші абзацтағы "травматология" деген сөздің алдынан "нәрестелердің физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"
хирургиялық бейінді медициналық бикесі |
БЛЖ-дан 50% |
|||
химиялық терапия жүргізумен айналысатын гематолог |
БЛЖ-дан 80% |
|||
гематологиялық сырқаттарға химиялық терапияны жүзеге асыратын медициналық бикесі |
БЛЖ-дан 40% |
";
5) тармақшада:
"жалпы сараптамалық зерттейтін" деген сөздер алынып тасталсын;
5-бағанда:
бірінші абзацтағы "мәйіттерді сараптаумен" деген сөздерден кейін "және мәйіт материалдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
Ескертпенің 1-тармағындағы "70 %" деген сандар "220 %" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 22-қосымшада:
"Қызметкерлер мамандықтарының, лауазымдарының атауы" деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
2) тармақшадағы "операция медициналық бикесі" деген сөздерден кейін ", хирургия медициналық бикесі" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда:
1) тармақшадағы "жалпы сараптамалық зерттеулердің" деген сөздер алынып тасталсын, "мәйіттердің сараптамасымен" деген сөздерден кейін "және мәйіт материалдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8 |
Терапиялық бейінді мамандар: |
|
1) |
Дәрігер: |
Реанимацияның, қарқынды терапия мен жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 500 грамм болатын шала туған нәрестелерге күтім жасау нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікке және шұғыл шақыртуларға байланысты қатты шаршау, арнайы жабдықтармен тұрақты жұмыс істеу (өкпені жасанды желдету аппараттары, кювездер, реанимациялық үстелдер) |
неонатолог |
||
2) |
орта медицина персоналы: |
|
жаңа туған нәрестелер физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
||
шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
||
3) |
дәрігер: |
Жоғары өлім болуы мүмкін қатерлі қан ауруларымен ауыратын сырқаттарға химиялық терапия жүргізу нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, тәулік бойғы кезекшілікке, дереу шешім қабылдауды талап ететін өміріне қауіп төндіретін асқынулардың жоғары пайызына байланысты қатты шаршау |
химиялық терапияны жүргізумен айналысатын гематолог |
||
4) |
орта медицина персоналы: |
|
гематологиялық сырқаттарға химиялық терапияны жүзеге асыратын медициналық бикесі |
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов