Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы N 1064 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 73 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының бас қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы N 1064 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласын дамытудың Бас жоспары" жобасының техника-экономикалық көрсеткіштерінде:
      4-бағанның тақырыбында "2010" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
      4-бағанда:
      "2. Халқы 2.1. Бағынысты елді мекендер ескерілгендегі халқының саны" деген жолда "490" деген сандар "770" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2.2. Халықтың тығыздығы селитебтік аумақ шегінде" деген жолда "109" деген сандар "85" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2.3. Жұмыспен қамтылған халық саны" деген жолда "254" деген сандар "370,1" деген сандармен ауыстырылсын;
      "3.1. Тұрғын үй қоры" деген жолда "7968" деген сандар "15302,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      "4. Әлеуметтік тұрмыстық мақсаттағы мекемелер 4.1. Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы/1000 адамға" деген жолда "14700/30" деген сандар "20600/27" деген сандармен ауыстырылсын;
      "4.2. Жалпы білім беретін мекемелер, барлығы/1000 адамға" деген жолда "83306/170" деген сандар "81040/105" деген сандармен ауыстырылсын;
      "4.3. Колледждер, барлығы/1000 адамға" деген жолда "10915/33" деген сандар "15530/20" деген сандармен ауыстырылсын;
      "4.4. Емханалар, барлығы/1000 адамға" деген жолда "7350/15,0" деген сандар "10810/14" деген сандармен ауыстырылсын;
      "4.5. Ауруханалар, барлығы/1000 адамға" деген жолда "4312/8,8" деген сандар "8223/10,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      "5.2.1. Айналма жолдарды қоса, қалалық маңызы бар бас көшелер" деген жолда "105,18" деген сандар "245,4" деген сандармен ауыстырылсын;
      "5.3. Автокөлік саны автокөлікті иелену" деген жолда "178" деген сандар "305" деген сандармен ауыстырылсын;
      "автомобильдер саны" деген жолда "112667" деген сандар "235000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "6.1.1. Жиынтық тұтыну (ысырап пен ағып кетуді қосқанда)" деген жолда "175100" деген сандар "534980" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Ауыз су" деген жолда "151700" деген сандар "416710" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Техникалық су" деген жолда "23400" деген сандар "118270" деген сандармен ауыстырылсын;
      "6.1.2. 1 адамға шаққанда тәулігіне орташа су тұтыну" деген жолда "235" деген сандар "450" деген сандармен ауыстырылсын;
      "6.2. Канализация 6.2.1. Шайынды судың жалпы келіп түсуі" деген жолда "112224" деген сандар "336520" деген сандармен ауыстырылсын;
      "жылдық сұраныс" деген жолда "362" деген сандар "650" деген сандармен ауыстырылсын;
      "6.3.2. Жылына 1 адамға шаққанда, соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарға арналған орташа электр тұтыну" деген жолда "4845" деген сандар "2337" деген сандармен ауыстырылсын;
      "6.4.1. Ең жоғары жылу жүктемесі" деген жолда "1306" деген сандар "1810" деген сандармен ауыстырылсын;
      "6.5. Газбен қамтамасыз ету 6.5.1 Табиғи газды тұтыну, барлығы" деген жолда "176,9" деген сандар "-" деген белгімен ауыстырылсын;
      "7.1. Атмосфера ластануының ең жоғары индексі (АЛИ) және соған сәйкес ластану деңгейі" деген жолда "1-2 "жол берілетін" деген сөздер "5-тен астам" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов