Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1356 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
      "ҚР ТН бойынша тауардың коды" деген бағанда:
      реттік нөмірі 109-жолдағы "8451-ден" деген сөздер "8451 (8451 21, 8451 90 000 0 басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 85, 86, 91, 200, 202, 206, 221-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"

85

Бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар бульдозерлер, грейдерлер, тегістегіштер, скреперлер, механикалық күректер, экскаваторлар, бір шөмішті тиеуіштер, тегістейтін машиналар, өздігінен жүретін жол тегістейтін тығыздағыштар*

8429

86

Топырақты, пайдалы қазбаларды немесе кенді тасымалдауға, жоспарлауға, бейіндеуге, әзірлеуге, таптауға, нығыздауға, ойып алуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен орын алмастыруға арналған өзге де тетіктер; қазықтар қағуға және оларды суырып алуға арналған жабдық; соқалы және роторлы қар тазартқыштар

8430

91

Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер, сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престер; пішен шалғылары және көгал шалғылары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа, жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе калибрлеуге арналған машиналар

8433
(8433 20 590 0,
8433 30 100 0,
8433 90 000 0
басқа)

200

Өздігінен жүрмейтін темір жол немесе трамвай, жолаушылар вагондары; өздігінен жүрмейтін жүк, почта және өзге де арнайы темір жол немесе трамвай вагондары (8604 тауар позициясына кіретіндерден басқа)

8605 00 000 0

202

Өздігінен жүрмейтін жабық және жабылатын темір жол, жүк вагондары

8606 91

203

Үлкен жүк контейнерлерін, ірі тонналы контейнерлерді және доңғалақты техниканы тасымалдауға арналған платформалар (фитингті платформалар)

8606 99 000 0-ден

206

3 тк шынжыр табанды тракторларды қоспағанда, тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа)

8701-ден

221

Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тікұшақтар, ұшақтар)

8802 11 000 0-
8802 40 000

                                                                     ";
      реттік нөмірлері 101, 102, 103, 159, 160, 161, 162, 163, 165, 166, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1, 71-1, 74-1, 100-1, 112-1, 158-1, 206-1, 208-1, 220-1, 223-1, 223-2, 223-3, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258-жолдармен толықтырылсын:
"

12-1

Қара металдардан жасалған санитарлық-техникалық жабдық (оның бөлшектерін қоспағанда), азаматтық авиация үшін өзгелері

7324 90 000 0-ден

71-1

Өлшенетін жүктің ауырлық күшімен іске қосылатын, ең жоғарғы өлшеу салмағы 30 кг-дан астам, бірақ 5000 кг-дан аспайтын есептеу немесе бақылау машиналарын қоса алғанда, өлшеуге арналған жабдықтар (сезімталдығы 0,05 г немесе одан да жоғары таразылардан басқа), өзгелері

8423 82 900 0

74-1

Ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған құрылғылар: суаруға арналған керек-жарақтар

8424 81 100 0

100-1

Пластиналардың, цилиндрлердің және 8442 тауар позициясының басқа да баспа нысандары арқылы басып шығару үшін пайдаланылатын баспа машиналары; өзге де принтерлер, көшіру аппараттары мен біріктірілген немесе біріктірілмеген факсимильді аппараттар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

8443 (8443 91 басқа)

112-1

Металл прокаттау орнақтары

8455 10 000 0-
8455 22 000

158-1

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері (мысалы, түзеткіштер), индуктивтілік катушкалары және дроссельдер

8504
8504 31 800 1,
8504 32 800 0,
8504 33 000 0,
8504 34 000 0,
8504 90-нан басқа)

206-1

Өзге де шынжыр табанды тракторлар (3 т. к. шынжыр табанды тракторлардан басқа)*

8701 30 900 0-ден

208-1

Көлік құралының толық массасы 5 тоннадан астам жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

8704 32

223-1

Саяхаттық, экскурсиялық кемелер, паромдар, жүк кемелері, баржалар және жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға арналған ұқсас жүзу құралдары

8901

223-2

Балық аулау кемелері; жүзбелі базалар және балық өнімдерін қайта өңдеуге және консервілеуге арналған өзге де кемелер

8902 00

223-3

Буксирлер және итергіш кемелер

8904 00

252

Қара металдардан жиналатын құрылыс құрастырмалары: жылыжайлар

9406 00 310 0

253

Өзге материалдардан жасалған жылыжайлар

9406 00 800 0

254

Қолдан ұрықтандыру үшін көлемі 0,75 л-ден артық емес термостар және жинақталған түрдегі өзге де вакуумдық ыдыстар

9617 00 110 0

255

Қолдан ұрықтандыру үшін көлемі 0,75 л-ден астам термостар және жинақталған түрдегі өзге де вакуумдық ыдыстар

9617 00 190 0

256

Асыл тұқымды малдың барлық түрлері

0101 10
0102 10
0103 10 000 0
0104 10 100 0
0104 20 100 0

257

Бұқаның шәуһаты

0511 10 000 0

258

Эмбриондар

0511 99 802

                                                                  ".

       2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің       
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1313 қаулысына     
      қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 707 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 26, 336-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 809 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 28, 376-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы  N 269 және 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 193 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 11, 108-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 575 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 233-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 50, 532-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 571 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 24, 271-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 316-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 940 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 38, 438-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N 221 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 120-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі  N 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы N 251 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 14, 132-құжат).