Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1312 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К. Мәсімов
 



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1331 қаулысымен
бекітілген

"Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 193 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Техникалық регламент объектілері болып мыналар саналады:
      1) Қазақстан Республикасында импортталатын және өндірілетін, Қазақстан Республикасының климаттық жағдайына байланысты жалпы пайдаланымдағы барлық техникалық санатты автомобиль жолдарын және ондағы құрылыстарды салу, жөндеу, қайта жаңарту, пайдалану саласында қолданылатын, сондай-ақ шектелген көлемде пайдалануға рұқсат етілетін қайта пайдаланылатын жол-құрылыс материалдарына;
      2) жол-құрылыс материалдарының өндіру, тасымалдау және сақтау, қолдану (оның ішінде қайта қолдану), пайдаға асыру және көму сияқты өмірлік циклы процестеріне қолданылады.
      3. Техникалық регламент ережелері жер төсемін, жол жамылғысының құрастырылымдық қабаттарын, инженерлік құрылыстарды орнатуға, шикізатты өңдеу кезеңдеріндегі жолдың және белгілердің жағдайы, жол құрылыс материалдарын өндіру, сақтау, тасымалдау, іске асыру және қолдану, қалдықтарды пайдаға асыру және (немесе) жоюға арналған жол құрылыс материалдарына қойылатын негізгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
      4. Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талабына қатысты қойылатын, жол-құрылыс материалдарының тізімі 1 қосымшасында келтірілген.
      5. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру көзбен шолып бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша - ҚР СЭҚ ТН кодтары, таңбалау, өндірушінің ілеспе құжаттамасында берілетін ақпарат негізінде жүргізіледі.
      Жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру үшін ақпарат жеткіліксіз болған кезде, жол-құрылыс материалдарының нақты түрлеріне арналған талаптары осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша сынақтар өткізеді.
      6. Процеске қатысушы, заңды және жеке тұлға үшін Техникалық регламент талаптары болуы міндетті: өндіріс, тасымалдау, сақтау, қолдану (соның ішінде қайта қолдану), жол-құрылыс материалдарын сақтау және жылыту, олардың территориялық маңыздылығына және ұйымдастыру құқықтық формасына тәуелсіз және Қазақстан Республикасының барлық территориясында істейді.
 

2. Терминдер мен анықтамалар

      7. Техникалық регламентте "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мыналар пайдаланылады:
      1) асфальт-бетон қоспасы - қондырғыда араластырумен алынатын, қыздырылған күйінде белгілі бір қатыныстарда алынған, ұтымды іріктелген шағылтас (қиыршықтас), құм, минералдық ұнтақ және мұнай жол битумы қоспасы;
      2) автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған бояу (эмаль) - жол жамылғысына жаққаннан және еріткіш буланғаннан кейін жол белгілеуіне қойылатын талаптарға сәйкес болатын, анық көрінбейтін қатты үлдір түзетін органикалық еріткіштер полимерлерінің ерітінділеріндегі шашыраңқылығы жоғары бояудақтар мен толтырғыштардың қойыртпағы;
      3) автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған термопластик - құрамында құрауыштар немесе құйма көлемді пішіндердің ұнтақ қоспасы түріндегі бояудақтар мен толтырғыштар болатын полимерлік байланыстырғыш негізіндегі, қатқаннан кейін жол белгілеулерінің анық көрінбейтін қатты элементтері пайда болатын терможұмсартқыш созылымды материал;
      4) автомобиль жолдарының жол белгілеулеріне арналған салқын пластик - химиялық реакция нәтижесінде қататын және қатқаннан кейін жол белгілеулерінің анық көрінбейтін қатты элементтерін түзетін, құрамында бояудақтар мен толтырғыштар болатын полимер байланыстырғыш негізіндегі көпқұрауышты созылымды материал;
      5) битумдалған жыныстар (кирлер) - әртүрлі тұтқырлықтағы табиғи битумдар сіндірілген, көбінесе ұсақ және шаңды құмдарды, борпылдақ жыныстарды білдіретін табиғи құрамында битум болатын жыныстардың бір түрі;
      6) белсендірілген минерал ұнтақ - әктастар мен доломиттерді ұнтақтау кезінде алынатын және оларды тарту кезінде өңделетін материал;
      7) жол тұтқыр мұнай битумдары - мұнайды тікелей айдау қалдығы түрінде алынатын немесе мұнайды тікелей айдау өнімдерін тотықтыру және мұнай өнімдерін (асфальттарды асфальтсіздендіру, сығындыларды сұрыптап тазалайтын) сұрыптап бөлу, сондай-ақ көрсетілген тотыққан және тотықпаған өнімдерді компаундтау жолымен дайындалатын органикалық тұтқыр материалдар;
      8) жол сұйық мұнай битумдары - тұтқыр аққыштық қоюлығы болатын белгіленген түйіршік құрамдағы мұнай өнімдерінің тұтқыр сұйық битумдарын сұйылтып дайындаған битумдар;
      9) жол бетон - тұтқырдың, толтырғыштың, судың және оның үстемелердің, оның пішімделуіне және қатуына дейін тиімді іріктелген және мұқият араластырылған қоспасы;
      10) жол битум эмульсиясы - эмульстағыштарды қатыстырып, екі бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтар су және битумнан тұратын дисперсиялық;
      11) Зиянды химиялық зат - адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, жануарлар мен өсімдіктердің және қоршаған ортаның тіршілік әрекетіне қолайсыз әсерін тигізетін химиялық зат;
      12) қиыршықтас - табиғи қиыршықтас-құм қоспаларын елеу жолымен алынатын, ірілігі 5 мм жоғары түйірі болатын, органикалық емес түйіршікті сусымалы материал;
      13) қоспалар (құрғақ және сұйық) - цемент немесе битум, қарамай, эмульсияны дайындау кезінде, оларға талап етілетін қасиеттерді беру үшін араластыру кезінде, тұтқырға немесе қоспаларға тікелей қосылатын химиялық заттар (беттік-белсенді заттар, полимерлер, белсендіргіштер және басқалар);
      14) құм - табиғи қиыршықтас-құм қоспаларын елеу, тау жыныстарын, қиыршықтас пен қойтастарды, жолшыбай өндірілетін аршылған және араласушы тау жыныстарын немесе кендерді (металлургия өнеркәсібінің қара, түсті және сирек кездесетін металдарын) және өнеркәсіптің басқа салаларының биметалл қазбаларын уату өнімдерін кейін елеу арқылы қайта өңдеу жөніндегі тау-кен кәсіпорындарының кондициялық емес қалдықтарын уатып алынатын, ірілігі 5 мм кем түйірі болатын органикалық емес түйіршікті сусымалы материал;
      15) қиыршықтас - тау жыныстарын, қиыршақтас пен қойтастарды, жолшыбай өндірілетін аршылған және араласушы тау жыныстарын немесе кендерді (металлургия өнеркәсібінің қара, түсті және сирек кездесетін металдарын) және өнеркәсіптің басқа салаларының биметалл қазбаларының уату өнімдерін кейін елеу арқылы қайта өңдеу жөніндегі тау-кен кәсіпорындарының кондициялық емес қалдықтарын уатып алынатын, іріліп 5 мм жоғары түйірі болатын органикалық емес түйіршікті сусымалы материал;
      16) қара қиыршықтас - түйіршікті немесе белгілі бір температурада органикалық тұтқыр араластырғыш қондырғыда өңделген түйіршік қоспасы түріндегі қиыршықтас;
      17) полимер-битумды тұтқырғыш - жолдың полимерлер (термопластикалық каучуктер, эластопластар және басқалар) қосылған тұтқыр немесе сұйық мұнай битумынан жасалатын битумды тұтқырғыш;
      18) топырақ - адамның инженерлік-шаруашылық қызметінің объектісі болып табылатын көпқұрауышты және әр түрлі геологиялық жүйені білдіретін тау жыныстары, топырақ, техногендік пайда болулар;
      19) технологиялық регламент - жұмыс жүргізу процесін көрсететін, сақталу орындалатын жұмыстардың сапасына кепілдік беретін қажетті жабдықтар тізбесі мен технологиялық параметрлері бар техникалық құжат;
      20) цемент - пластиктендірілген немесе белсендендіргіш қоспалармен, немесе түйіршіктелген қожбен, ғанышпен бірге тарту кезінде күйдірілген цемент тасын жұқалап ұнтақтау нәтижесінде алынатын минералды гидравликалық тұтқырғыш;
      21) шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) - ұзақ уақыт ішінде күн сайын әсер еткен кезде адам ағзасында қазіргі заманғы әдістермен байқалатын аурулық өзгерістер туындатпайтын көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың ең көп мөлшері; қоршаған ортаның (жұмыс аймағының және елді мекендердің ауасының, судың және топырақтың) санитариялық жай-күйін бағалау кезінде гигиеналық критерий болып табылады;
      22) шағылтас-қиыршықтас-шағылтас-құмды қоспалар - құмды (шағылтас-құмды, қиыршықтас-құмды және шағылтас-қиыршықтас-құмды) шағылтас, қиыршықтас пен құмның қоспасынан құрастырылған түріндегі материалдар.
 

3. Қазақстан Республикасының рыногында өнімді орналастыру шарттары

      8. Жол-құрылыс материалдары осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қазақстан Республикасы рыногында орналастырылуы мүмкін.
      Осы сәйкестік шарттары мыналар болып табылады:
      а) сәйкестік сертификатының (көшірмелері), сәйкестік белгісінің және (немесе) сәйкестік туралы декларацияның немесе сәйкестікті растау нысандары мен ерекшеліктеріне байланысты өрт сөндіру және санитарлық-эпидемиологиялық органдар қорытындыларының болуы;
      б) химиялық жолмен жасалған өнімнің қауіпсіздік паспортының болуы;
      в) өндірушінің (дайындаушының) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығару жөніндегі жұмыстарға арналған лицензияның болуы (сертификатталатын өнімді қоспағанда);
      г) таңбалауда және (немесе) ілеспе құжаттарда өнім туралы қажетті ақпараттың болуы.
 

4. Негізгі қауіпсіздік талаптары

      9. Жол-құрылыс материалдарын (бұдан әрі - материалдар) өндіру және қолдануға құрылыс материалдарын (сертификатталатын өнімді қоспағанда) шығару жөніндегі жұмысты орындауға лицензиясы, қажетті техникалық құралдары, өндірістік-техникалық базасы және білікті кадрлары бар заңды және жеке тұлғаларға рұқсат етіледі.
      10. Жол-құрылыс іс материалдарын өндіру және қолдану кезінде қауіп көздері мен қауіп-қатер факторлары ескерілуге тиіс.
      Қауіп көздеріне мыналар жатады:
      1) шикізат және материалдар;
      2) технологиялық процесс;
      3) тасымалдау, сақтау, қолдану, оның ішінде қайта қолдану;
      4) пайдаға асыру және көму.
      Физикалық және химиялық қауіптер қауіп-қатер факторлары болып табылады.
      Физикалық факторларға:
      1) беріктігі;
      2) тозуға төзімділігі;
      3) аязға төзімділігі;
      4) суға төзімділігі;
      5) жылуға төзімділігі;
      6) түйір (ұнтақталған) құрамы;
      7) түйіршік құрамы;
      8) тұтқырлық;
      9) адгезия, кіріктену;
      10) өрт қауіптілігі (отқа төзімділігі);
      11) жарамдылық мерзімі жатады.
      Химиялық факторларға:
      1) радиоактивтілігі (табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі);
      2) уыттылық сыныбы;
      3) жұмыс аймағының ауасына, елді мекендердің атмосфералық ауасына, суға және топыраққа зиянды химиялық заттардың бөлінуі жатады.
      11. Жол-құрылыс материалдарының өмірлік циклының барлық сатысында мыналарға бағытталған шарттар ескерілуі тиіс:
      1) материалдардың немесе олардың қоспаларының біреуінің қолайсыз әсері нәтижесінде адам және қоршаған орта үшін қауіптің туындау қатерін жою немесе азайту;
      2) нақты материалдардың технологиялық ерекшеліктеріне, олар қолданылатын табиғи-климаттық жағдайлардың әр түрлілігіне және басқа факторлар мен жағдайларға байланысты материалдарды дайындау, тасымалдау, қолдану және сақтау кезіндегі қауіптерден қорғауды жою мүмкін емес;
      3) материалдарды өндіру және оларды автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде қолдану кезінде және төтенше жағдайлар пайда болған кезде ықтимал қалдық қауіптер туралы ақпаратқа қол жеткізілуін қамтамасыз ету.
      12. Жол-құрылыс материалдарын өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану (оның ішінде қайта қолдану), пайдаға асыру және көмумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар, олардың функционалдық қолданысына сәйкес адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті деп есептейтін қосымша талаптарды белгілей алады.
      13. Жол-құрылыс материалдары табиғи факторлар әсеріне төзімді болуға тиіс.
      14. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қолданылатын, осы Техникалық регламенттің талаптарымен үйлестірілген жол-құрылыс материалдары оның талаптарына сәйкес деп есептеледі.
      Жол-құрылыс материалдары осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болу шартымен өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес жасалуы және қолданылуы мүмкін.
      Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін жол-құрылыс материалдары қабылдауға және қолдануға жатпайды.
      15. "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жол-құрылыс материалдарына, сондай-ақ химиялық жолмен жасалған препараттарға немесе заттарға қауіпсіздік паспорты қоса берілуі тиіс.
      16. Жол-құрылыс материалдарымен жұмыстарға олардың өмірлік циклының барлық сатыларында 18 жасқа толған, қажетті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар, осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін, жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін үйренген тұлғалар жіберіледі.
      Жұмыс персоналы жол-құрылыс материалдарының түріне байланысты, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен, жеке бас гигиенасы және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жабдықталған болуы, белгіленген тәртіппен медициналық тексерулерден өтуі тиіс.
      17. Шикізат жол-құрылыс материалдарын өндіруге арналған негіз ретінде не жол-құрылыс материалы болып қолданыла алады.
      18. Жол-құрылыс материалдары мынадай материалдарға бөлінеді:
      а) шикізат пен материалдан оларды қайта өңдеу немесе өңдеу жолымен алынған;
      б) бір мезгілде әрі шикізат және дайын өнім болып табылатын (топырақтар, малтатас-құмды қоспалар, табиғи құм, битумдалған жыныстар).
      19. Шикізатқа және дайын жол-құрылыс материалдарына өмірлік циклының барлық сатыларында қойылатын жалпы талаптар:
      1) Дайын өнімнің табиғи радионуклидтерінің тиімді меншікті жиынтық белсенділігі елді мекендер аумағы және болашақта құрылыс салынатын аймақтар шегінде жолдар мен әуеайлақтар салу кезінде 740 Бк/кг аспауға (материалдардың радиациялық қауіптілігінің II сыныбы) және елді мекендерден тыс жолдар салу кезінде 1500 Бк/кг аспауға (материалдардың радиациялық қауіптілігінің III сыныбы) тиіс.
      2) Жарылыс қауіпсіздігіне және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
      Жол-құрылыс материалдарының жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіпсіздігі олардың құрамына кіретін, жарылыстың болуын және (немесе) өрттің өршуін тудыруға қабілетті химиялық заттардың физика-химиялық қасиеттері мен көрсеткіштеріне байланысты.
      Шикізатты өңдеу кезінде және жол-құрылыс материалдарының өмірлік циклының барлық сатыларында жарылыс қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жарылыс және (немесе) өрт туындау жағдайларының алдын алатын шаралармен, соның ішінде:
      а) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаумен;
      б) жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен;
      в) ұшқынбасқыштарды, ұшқынтұтқыштарды, статикалық электр тоғынан қорғайтын отты баяулатқыш, отбөгегіш жүйелерді пайдаланумен;
      г) ұшпа органикалық қосылыстардың өрт және жарылыс қауіпті шоғырлануының пайда болуын болдырмайтын желдету жүйелерін пайдаланумен;
      д) тиімді өрт сөндіру құралдарын қолданумен қамтамасыз етілуі тиіс.
      3) Жұмыс аймағының және елді мекендердің ауасындағы зиянды химиялық заттардың шекті жол берілген шоғырлануы осы Техникалық регламентке 2-қосымшада белгіленген талаптардан аспауға тиіс.
      Зиянды заттар шоғырлануының жиынтығы оларды жинақтау әсерімен бірге қосқан кезде мынадай топтарда 1 (бірліктен) аспауы тиіс:
      а) азот диоксиді мен күкірт диоксиді, көміртек оксиді мен фенол;
      б) күкірт пен фенол диоксиді;
      в) ванадий пентаксиді мен күкірт диоксиді;
      г) азот диоксиді мен күкірт диоксиді.
      Егер минералды ұнтақтар мен әртүрлі тау жыныстарынан және өнеркәсіптің техногенді қалдықтарынан жасалған басқа минералды тұтқырғыштарды алу кезінде зиянды химиялық заттардың шекті қолжетімді шоғырлануының құрамы әртүрлі болатын шаңның бір мезгілде бөлінуі мүмкін болса, онда олар да жиынтықтау тобын құрайды, себебі бір шаңның уытты әсері басқа (немесе басқалар) бір түрі (өзгеше түрлері) араласқанда артады;
      4) Жол құрылысында пайдаланылатын топырақтар өндірілуі, құрамы, табиғи орнындағы жағдайы, ісінуі, шөгуі және басқа параметрлері бойынша үйлестірілген нормативтік құжаттарда белгіленген, топырақтардың қолданыстағы жіктелуіне сәйкес бөлінуге тиіс.
      20. Шикізатқа қойылатын арнайы талаптар.
      1) Жол-құрылыс материалдарына арналған шикізат мыналар болып табылады:
      а) ауылшаруашылық өндірісі үшін жарамсыз, орман қоры жерлерінен - орман жапқан немесе бұталар және бағасы аз өзге өсімдіктер басқан жерлердегі карьерлерден қазып алынған тау жыныстарының және минералдар түйірінің әртүрлі деңгейінде жұмырланған қалдықтарынан (құм, қиыршықтас және қойтас) тұратын борпылдақ немесе әлсіз цементтелген тау жыныстары;
      б) мұнайды өңдеу өнімдері;
      в) өнеркәсіп өндірісінің қалдықтары және олардың негізіндегі тұтқыр материалдар (әртүрлі өндірістердің қождары, боксит қожы, ЖЭО күлі және басқалар);
      г) борпылдақ жыныстар, көбінесе әртүрлі тұтқырлықтағы табиғи битумдар сіңдірілген ұсақ және шаңды құмдар (битумдалған жыныстар).
      2) Бетон ерітінділерде және бетонда қолданылатын тас материалдарды өндіруге арналған шикізаттағы зиянды құрауыштар мен қоспалар (жыныстар мен минералдар) құрамы мыналардан артық болмауға тиіс:
      а) сілтілерде еритін кремний диоксидінің аморфты өзге түрлері үшін - 50 ммоль/л;
      б) SO 3 қайта есептегенде, сульфаттардың (гипс, ангидрит және басқалар) массасы бойынша - 1,5 %;
      в) пириттің массасы бойынша - 4 %;
      г) егер слюдалар, гидрослюдалар, хлориттер немесе басқалар жыныс түзетін минералдар болып табылатын болса, қабатты силикаттардың көлемі бойынша - 15 %;
      д) хлор ионына қайта есептегенде галоидты қосылыстардың (галит, сильвин және суда еритін хлоридтерді қоса алғанда басқалары) массасы бойынша - 0,1 %;
      е) асбесттің бос талшықтарының массасы бойынша - 0,25 %;
      ж) көмірдің және ағаш қалдықтарының массасы бойынша - 1,0 %;
      и) аталған жыныс түзуші минералдардың (магнетит, гетит, гематит және басқалар, апатит, нефелин, фосфорит) әрбіреуінің көлемі бойынша - 10%, немесе олардың қосындысынан 15 %-дан артық емес көлемде.
      3) Минералды ұнтақтарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттағы бір жарым тотықтың құрамы (Al 2 O 3 +Fe 2 O 3 ) массасы бойынша мынадай пайыздан (%) аспауы тиіс:
      а) 5,0 - белсендендірілген ұнтақтар үшін;
      б) 1,7 - белсендендірілмеген ұнтақтар үшін.
      4) Жылу электр станцияларының желмен ұшырылған күл және күлқожды қоспаларының қыздыру кезіндегі кемулері массасының 20 %-нан артық болмауы тиіс.
      5) Белсендендірілген ұнтақтарды дайындау үшін пайдаланылатын битумдалған жыныстарда органикалық заттардың құрамы массасы бойынша 2% бастап 15 %-5а дейін болуға тиіс.
      6) Ұнтақтар дайындау үшін пайдаланылатын қатты жыныстарда және ұнтақ қалдықтарында мыналардың болуына жол беріледі:
      а) белсенді СаО+MgO - массасы бойынша 3 %-дан артық емес;
      б) суда еритін қосылыстар - массасы бойынша 6 %-дан артық емес.
      7) Минералды ұнтақтарды дайындау үшін пайдаланылатын фосфорлы қождарда Р 2 O 5 құрамы массасы бойынша 2 %-дан артық болмауға тиіс.
      8) Түріне байланысты шикізат жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне әсер ететін мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталады:
      а) беріктігі (уатылуы, мүжілуі);
      б) тозуға төзімділігі;
      в) аязға төзімділігі;
      г) суға төзімділігі;
      д) жылуға төзімділігі;
      е) минералогиялық (петрографикалық) құрамы;
      ж) түйірлік (ұнтақталған) құрамы;
      и) түйіршіктік құрамы;
      к) тұтқырлығы;
      л) адгезия, кіріктенуі;
      м) өртке төзімділігі;
      н) жарамдылық мерзімі.
      21. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын арнайы талаптар.
      Жер төсемін көтеру және жол төсемесінің құрастырылымдық қабаттарын, инженерлік құрылыстарды, жол жағдайын және белгілеулерін орнату үшін физика-химиялық қасиеттері бойынша (беріктігі, тозуға төзімділігі, суға төзімділігі, аязға төзімділігі, жылуға төзімділігі, минералогиялық, түйірлік және түйіршіктік құрамы, тұтқырлығы, адгезия және кіріктенуі және басқалар) оларды және көліктік жүктеме мен табиғи факторлар бірлесіп әсер еткен кезде төзімділікті қамтамасыз ететін жол-құрылыс материалдары қолданылуға тиіс.
      1) Беріктік (ұсақталғыштығы, аязға төзімділігі, жылуға төзімділігі, үйкелуі, шөгуге орнықтылығы, жарылуға төзімдігі) суға төзімділік, тұтқырлық көрсеткіштері қарқындылығы мен қозғалу құрамы, қысқы және жазғы температураларға материалдың төзімділігі және олардың өңірдің климаттық жағдайларында автомобиль жолдарында жер төсемін көтеру және жол төсемесінің құрастырылымдық қабаттарын, жолдың инженерлік құрылыстарын, жол жағдайы мен белгілеулері үшін жол-құрылыс материалдарының қолданылуын қамтамасыз етеді.
      2) Аязға төзімділігі мен жылуға төзімділігі жол-құрылыс материалдарының әртүрлі климаттық жағдайларда қолданылуын сипаттайды.
      3) Түйірлік (түйіршіктелген) құрамы қабат материалының тығыздығын, беріктігін және шөгуге орнықтылығын қамтамасыз етуге және жабынның ілінісу (автомобиль доңғалағының жабынмен ілінісуі) сапасына ықпал етеді.
      4) Адгезия, кіріктену органикалық және минералды материалдардың бірлескен жұмысын сипаттайды және көлік имараттарын (автомобиль жолдары, көпірлер, құбырлар, өтпе жолдар және басқалар) пайдалану процесінде олардың суға төзімділігін қамтамасыз етеді.
      5) Осы Техникалық регламентте олардың функционалдық қолданысына байланысты көзделген жол-құрылыс материалдарының физика-химиялық қасиеттерінің (параметрлерінің) нақты мәндері үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      6) Жол-құрылыс материалдары және оларды автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңарту кезінде қолдану судан немесе желден мүжілудің туындау ықтималдығын азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.
      7) Жаңа жол-құрылыс материалдарын (жаңадан жасалған немесе бұрын қолданылғандардың жақсартылғаны) оларды белгіленген тәртіппен өндіріске қойғаннан кейін ғана қолдануға рұқсат етіледі.
      8) Бетондарға арналған толтырғыштар ретінде қолданылатын шағылтас пен қиыршықтас цемент сілтілерінің химиялық әсеріне орнықты болуға тиіс. Белсендендірілмеген минералды ұнтақ үшін, оларды тасымалдағанда, қолданғанда және сақтағанда табиғи факторлардың әсерінен қорғау шаралары қамтамасыз етілген болуы тиіс.
      9) Жолшыбай өндірілетін аршылған және араласушы тау жыныстары мен келдерді (металлургия өнеркәсібінің қара, түсті және сирек кездесетін металдарын) және өнеркәсіптің басқа салаларының бейметалл қазбаларын қайта өңдеу жөніндегі тау-кен кәсіпорындарының кондициялық емес қалдықтарынан алынған шағылтас ыдыраудың барлық түрлеріне қарсы орнықты болуы тиіс.
      10) Шағылтас, қиыршықтас, және құмның құрамында қоқым түсіретін басқа қоспалар, оның ішінде жол құрылыстарына арналған шағылтас үшін металл - 5 %-дан артық және қожды құм үшін 3%, шаң-балшық бөлшектер 1-ден 3%-ға дейін, сондай-ақ қолданылатын материалдың арналуына, түріне және беріктігіне байланысты кесектердегі балшық 0,25 бастап 1%-дан артық болмауы тиіс.
      11) Жол-құрылыс материалдары ретінде пайдаланылатын битумдалған жыныстар кейіннен кедір-бұдырлы беттік өңдеу орнатумен елді мекендерден тыс автомобиль жолдарын салу кезінде қолданылуы мүмкін.
      12) Геосинтетикалық материалдар жанғыштықтың 2-тобына жататын уыттылығы аз құрауыштардан дайындалуға тиіс.
      13) Майғындар - адамның мүшесіне әсер ету деңгейі бойынша аз қауіпті заттар және қауіптіліктің 4-сыныбына жатады. Майғындар өрт және жарылыс қауіпті материалдар болып табылмайды.
      14) Битумдар - радиациялық қауіптіліктің II және III сыныбына жатады. Оларды қолданған кезде, қолданылатын шикізаттағы радионуклидтердің меншікті тиімділігін және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шекті-жол берілген шоғырлануын ескеру қажет.
      15) Жол-құрылыс материалдарын қайта қолданған кезде, автомобиль жолын салу (қайта жаңарту, күрделі жөндеу) жобасында (келісім-шартында) оларды пайдалану негізделген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес пайдаланылған материалдың қалдық физика-механикалық ескерілуге тиіс.
 

6. Технологиялық процестердің қауіпсіздік талаптары

      22. Жол-құрылыс материалдарын өндіру бойынша жұмыстарды орындаған кезде, әлеуетті қауіпті және зиянды өндірістік факторларға:
      1) химиялық заттардың буларының, шаңның әсері;
      2) діріл;
      3) шу;
      4) айналатын механизмдер;
      5) ыстық битумдармен және қоспалармен түйісуден болатын терінің термикалық күю мүмкіндігі жатады.
      23. Зиянды заттар шығарындыларының мөлшерін төмендету үшін, өнімнің әрбір нақты түріне арналған өндірістің Техникалық регламенттерінің, соның ішінде температуралық режим бойынша талаптарын сақтау қажет.
      24. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" технологиялық жабдық Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес болуға, саңылаусыздандырылуға, түтін газдарынан тазартуға арналған жабдықпен, шаң тазартқыш қондырғылармен және дыбыс өткізбейтін, оқшауланған қалқалармен жабдықталуға тиіс.
      25. Жабдықты пайдалану кезінде, белгіленген тәртіппен жабдықты алдын ала тексеру және жөндеуді жүзеге асыру қажет.
      26. Температураны, қысымды және басқа да өлшенетін параметрлерді бақылау үшін технологиялық процесте пайдаланылатын өлшеу құралдары мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілуге және белгіленген кезеңділікпен "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес тексерілуге тиіс.
      27. Діріл тудыратын жабдық дірілдің жабдықтан топыраққа, жұмыс орнына және үй-жай конструкциясына берілуін шектейтін берік іргетастарға орнатылуы тиіс.
      28. Жабдықтың діріл деңгейі 12 децибелден аспауға тиіс, дыбыстық қысым деңгейі кез келген октава жолағында - 135 децибел.
      29. Ең көп шаң бөлінетін жердегі (тиеу, түсіру, материалды елекке, конвейерге беру орны) шағылтас пен қиыршықтасты сұрыптау, тазалау кезінде, жұмыс істеушілерді тас материалдың ұшып тиюінен қорғау үшін, қалқалармен оқшаулау керек (шарбақ, қалқалар және басқа түріндегі қоршау құрылғыларымен).
      30. Кездейсоқ жанасу үшін қол жетімді, қозғалатын және айналатын механизм бөліктерін, егер олар қауіптілік көзі болып табылатын болса, тұтас немесе торлы қоршаулармен жабдықтау қажет.
      31. Жарақаттану қаупін барынша азайту үшін, тас уатқыштардың тиеу алаңдарын, шұңқыр типті битум сақтау орындарын, битумды қазандықтар, битумды балқытатын және араластыратын қондырғылардың алаңдары мен баспалдақтарына, жұмыс істеушілерді тастардың кездейсоқ тиюінен сақтандыратын қалқалардың тиеу саңылауының үстіне орналастыра отырып, ернеулермен қоршайды.
      32. Ашық полигондарда бетон араластырғыштарды, төңгершекті көтергіштері бар топырақараластырғыш жабдықты пайдаланып жұмыс істеген кезде, жұмыс істеушілерді түсіп кететін жол-құрылыс материалдарынан, сондай-ақ шығырдың үзіліп кету жағдайынан қорғау үшін, тиеу шөмішінің бағыттаушы швеллерлері төменнен және бүйірінен торлармен қоршалуға тиіс.
      33. Дайындалған жол-құрылыс материалдары оларды тұтынушыға (тапсырыс берушіге) тиегенге дейін, осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына және нормативтік құжаттамада, шарттарда, келісім-шарттарда, белгіленген арналуы бойынша пайдалануға жарамдылық мерзімдеріне сәйкестігі бақылануға және қабылдануға тиіс.
 

7. Таңбалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      34. Жол-құрылыс материалдарының әрбір топтамасында және (немесе) көлік құралында "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысына сәйкес таңбалау, сондай-ақ мынадай қосымша деректер болуы тиіс:
      1) құжаттардың нөмірі және берілген күні (сапа паспорты, қауіпсіздік паспорты және (немесе) сынақтар хаттамалары);
      2) тұтынушының атауы және мекенжайы;
      3) өнімнің үлгісі (маркасы);
      4) табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі;
      5) осы Техникалық регламенттің 21-тармағының 5) тармақшасына сәйкес физика-механикалық қасиеттері;
      6) жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы және атмосфералық ауадағы, жер қыртысындағы, беттік және жерасты суларындағы ластаушы заттар құрамының нақты деңгейі және қоспалар жөніндегі ақпарат оны өндіріске қойған кезде өнімнің бастапқы топтамасымен нақты тұтынушыға, ал одан әрі өндіруде - даулы жағдайларда - тапсырыс берушінің талап етуі бойынша ұсынылады. Көрсетілсін ақпарат тұтыну ыдысына, ол бар болған кезде тікелей түсіріледі және (немесе), егер жол-құрылыс материалдары үйіліп тасымалданатын болса, ілеспе құжаттарға енгізіледі.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 193 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      35. Көлік ыдысына қажет болғанда, жүктің қауіптілігін сипаттайтын көліктік таңбалау және манипуляциялық белгілер түсіреді.
      Жол-құрылыс материалдарын олардың түріне байланысты таңбалау үшін мынадай белгілер:
      1) "Ашық отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады";
      2) "Сумен сөндіруге тыйым салынады";
      3) "Өрт қауіпті. Тез тұтанатын заттар";
      4) "Абайлаңыз. Денсаулыққа зиянды аллергиялық (тітіркендіргіш) заттар";
      5) "Тыныс алу мүшелерін дербес қорғау құралдарымен жұмыс істеу керек";
      6) "Қорғаныш аяқ киіммен жұмыс істеу керек";
      7) "Қорғаныш қолғаппен жұмыс істеу керек";
      8) "Қорғаныш киіммен жұмыс істеу керек";
      9) "Қорғаныш көзілдірікпен жұмыс істеу керек" және басқа қорғау құралдары мен белгілерге арналған үйлестірілген стандарттарға сәйкес пайдаланылады.
 

8. Сақтау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      36. Бір-бірімен өзара әрекеттескенде, тұтану, жарылыс пайда болатын немесе жанғыш газдар түзетін жол-құрылыс материалдарын бірге сақтауға және тасымалдауға тыйым салынады.
      37. Тас материалдарды сақтау материалдардың араласып кетуін болдырмайтын табиғи немесе арнайы дайындалған қатты бетте су қоймаларының суы қорғалатын аймағынан тыс жүргізілуге тиіс.
      Тас материалдарды оларды бітеліп қалудан және ластанудан сақтандыратын жағдайларда сақтайды. Шығылтасты түйіршіктері бойынша бөлек сақтайды.
      Тас материалдарды кез келген көлік түрімен үйінді түрінде тасуға рұқсат етіледі.
      38. Минералды ұнтақтарды, цементті және органикалық емес тұтқыр материалдарды сақтау кезінде, олардың нығыздалуын (қотарып құю, ауамен қанығуы және т.с.с.) және ылғалдың әсер етуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау керек.
      Минералды ұнтақты, органикалық емес тұтқыр материалдарды аталған көлік түріне қолданылатын жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес, цементтасығыштармен, контейнерлермен, жабық вагон-шанақтарда немесе қарапайым жабық темір жол вагондарында көп қабатты қағаз немесе полиэтилен қаптарға буып-түйіп тасымалдайды.
      Ұнтақты зауыт ішінде тасымалдау үшін, пневмокөлікті, сондай-ақ тасымалдауыштар, конвейерлер және қаптамамен жабылған иірліктерді пайдалану керек.
      39. Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жылжымайтын немесе тасымалданатын қыздыру құралдарымен жабдықталған жабық металл немесе темір-бетон резервуарларда (сақтау орындарында) сақтау керек.
      Мастиктер полиэтилен үлдірге немесе бүрмеқораптарға буып-түйілген текшелерде сақталады және тасымалданады.
      Көлік құралдарында және сақтау орындарында буып-түю, тиеу (құю түсіру (ағызып жіберу) тазарту бойынша жұмыстарды орындаған кезде, қажеттілігіне қарай, өндіріс ерекшелігін ескере отырып, әрбір кәсіпорын үшін әзірленген қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелерді сақтау керек.
      Битумдарды, битумды тұтқырғыштар мен мастиктерді сақтау және тасымалдау шарттары, олардың беткі және жерасты суына және жер қыртысына түсуін болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.
      Сақтау орындары битумдарды және битумды тұтқыр материалдардың қауіпсіздік шарттарымен анықталған резервуарлар мен жабдықтардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Резервуарлардағы су мен ластануларды жылына бір рет алып тастап отыру керек.
      Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды қолдану орнына битумтасығыштармен, автогудронаторлармен, қажет болғанда жылыту құрылғыларымен жабдықталған темір жол цистерналарымен тасымалдайды.
      Мастиктерді кез келген көлік құралдарымен тасуға рұқсат етіледі.
      Қоршаған ортаның көмірсутектерімен ластануын болдырмау, жарылыс қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және еңбек жағдайын жақсарту үшін, шағылдырғыш-дискілер, шаю және резервуарларда тұнбалардың жиналуын болдыртпау жүйесін, сыйымдылықтарды тазартатын механикаландырылған құралдарды, темір жол және автомобилі цистерналарынан битумды тұтқыр материалдарды жылыту және құйып алуға арналған қондырғыларды, герметикалық құю және төгу қондырғыларын, жылжымайтын шланга құрылғысын, ағызу-құю операциялары процестерін автоматтандыру жүйелерін орнату қажет.
      Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды судан және баска сүйықтықтардан босатылған темір жол және автомобиль цистерналарына құю керек.
      Битумдарды және битумды тұтқыр материалдарды ағызу және құю режимі, сақтау және тасымалдау құралдарының құрылымы мен пайдалану шарттары электрстатикалық ұшқын қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
      Эстакадалардың металл бөліктері, құбырлар, қотарып құятын жылжымалы құралдар, резервуарлар, автоцистерналар, телескопиялық түтіктер, түтік құбырлар мен ұштықтар ағызу және құю уақытында жерге қосылуы тиіс.
      Мұнай өнімдерін ағызу-құю эстакадалары, мұнай өнімдері құйылған резервуарлар жай тартқыштармен жабдықталған болуға тиіс.
      40. Ыстық қоспалар сақтауға жатпайды, оларды дайындағаннан кейін төсейтін жерге тасымалдайды және 60 о С температура кезінде 110 о С төмен болмайтын 131-200 пенетрациясы бар тұтқыр битумдар үшін 5 мм саңылауы бар тұтқырөлшеуіш бойынша шартты тұтқырлығы кезінде тұтқыр битумның маркасына байланысты (25 о С температурада 0,1 мм иненің кіру тереңдігі кезінде) 120 о С темен болмайтын температурада төсейді. Беттік-белсенді заттарды немесе активтелген минерал ұнтақтарды пайдаланғанда, температураны 20 о С төмендетуге рұқсат етіледі.
      Салқын қоспаларды жазғы мезгілде ашық алаңдарда, ал күзгі-қысқы мезгілде - жабық қоймаларда немесе 2 аптадан бастап 8 айға дейін қалқаның астындағы қатарларда қолданылатын сұйық битумның нығыздалып қалуын болдырмауға арналған маркасына байланысты сақтау керек.
      41. Дайын бетон қоспалар, ерітінділер, органикалық емес тұтқыр материалдармен өңделген шағылтас-қиыршықтасты-құмды қоспалар сақтауға жатпайды.
      Құрғақ бетон қоспаларды полиэтилен үлдірден жасалған салмағы 8 кг дейінгі пакеттерде немесе салмағы 40 кг аспайтын қағаз қаптарда тасымалдайды және сақтайды.
      Құрғақ қоспа салынған қаптар ораманың сақталуын және ылғал түсуден сақтандыруды қамтамасыз ететін жағдайда, 5 о С төмен болмайтын температурада сақталуға тиіс.
      Дайын бетон ерітінділер мен қоспаларды тұтынушыға жеткізу үшін қолданылатын мамандандырылған түрдегі көлікпен жеткізіп береді.
      Дайын бетон қоспаларды, ерітінділерді, органикалық емес тұтқыр материалдармен өңделген шағылтас-қиыршықтасты-құмды қоспаларды тасымалдаған кезде, оларға атмосфералық жауын-шашынның тиюін, біркелкілігінің бұзылу мүмкіндігін болдырмау, жолда салқын, жел және күн сәулесінің әсерінен сақтандыруды қамтамасыз ету қажет.
      42. Жол белгісіне арналған қоспалар мен материалдарды олар тиісті түрде буып-түйілген, таңбаланған, қауіпсіз сақтау және тасымалдау бойынша ақпаратпен жабдықталған жағдайда, сақтауға және тасымалдауға рұқсат етіледі.
      Жол белгісіне арналған қоспалар мен материалдарды сақтау және тасымалдау кезінде қамтамасыз етілуге тиіс:
      1) қасиеттері мен қауіпсіздік көрсеткіштерінің кезекті өзгерісі болып өнімге рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдыртпайтын буып-түюдің сақталуы, саңылаусыздығы, бүтіндігі және беріктігі;
      2) әрбір топтамада сақтау шарттары мен мерзімдері көрсетілген қоса салынатын құжаттардың болуы;
      3) қоспалардың адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің, қоршаған ортаның тіршілік әрекетіне қауіпті әсерін болдырмайтын, еңбекті қорғау тәсілдері мен әдістерін пайдалану;
      4) жұмыс істейтін қызметкерлерге жеке және ұжымдық қорғау құралдарының, арнайы киім, жеке бас гигиенасы құралдарының, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының берілуі;
      5) жұмыс істеуші қызметкерлер құрамының сақтау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы ақпаратпен таныстырылуы;
      6) жол белгісі үшін химиялық жолмен дайындалған қоспалар мен материалдарды сақтау және тасымалдау кезінде қорғау шаралары қауіпсіздік паспортында көрсетілуге тиіс;
      7) қауіпсіздік паспортының болуы (химиялық негізі болатын қоспалар үшін).
      43. Битумдалған жыныстарды (кирлерді) сақтауды сутартқышты және битумдалған жыныстарды (кирлерді) қатарлап салу кезінде топырақпен ластану мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ететін бетон қаптамасы болатын объектінің жанындағы немесе рельстің жанындағы қоймаларда іске асыру қажет.
      Битумдалған жыныстар (кирлер) негізіндегі салқын қоспаларды кепілдік сақтау мерзімі дайындалған күнінен бастап 6 айдан артық болмауы керек.
      Битумдалған жыныстарды органикалық тұтқырлық құрамына байланысты битумдалған жыныстарды тасымалдауды жүкті өзі түсіретін автомобильдермен, шанақтың үстіне құмнан жабысуға қарсы қабатшалар немесе ұнтақ тәрізді материалдардан (минералды ұнтақ, талшықтас, бор, әк) су қойыртпақтарын салу қажет тіркемелермен және ернеулі автомобильдермен немесе қажет болса, жүк түсіруді және уақытша сақтауды қамтамасыз ететін арнайы жүксауыттармен жүзеге асыру керек.
      44. Геосинтетикалық материалдарды сақтауды ауаның 80 %-дан артық болмайтын салыстырмалы ылғалдығында жабық қоймалық үй-жайларда жүргізу керек. Геосинтетикалық материалдарды жарылыс қауіпті және тез тұтанатын материалдар жанында, сондай-ақ жылыту аспаптарының маңында сақтауға рұқсат етілмейді. Геотор немесе мата емес геосинтетика материалының орамын сақтау кезінде биіктігі бойынша 7 қатардан артық болмай бір-біріне көлденең және параллель салынуы керек.
      Геосинтетикалық материалдарды әрбір көлік түріне қолданылатын тасымалдау ережесін сақтай отырып, жабық көліктің барлық түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі. Жұмыстарды өндіру учаскесі жанында геосинтетикалық материалдарды қоймалау үшін, күн сәулесінің тікелей түсу әсерін болдыртпайтын жағдайда жұмыс алаңы салынуға тиіс.
 

9. Пайдаға асыру және көму кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      45. Осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін жол құрылыстары материалдарын өндірісінің жол құрылыстары материалдары мен қалдықтарын осы процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиянды әсерін барынша азайтуға бағытталған қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде заңнама талаптарына сәйкес қолдану керек.
      46. Жол-құрылыс материалдарын пайдаланудың басым бағыты қайталама шикізат алынатын қалдықтарды пайдаға асыру болып табылады.
      47. Жол-құрылыс материалдары және Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, пайдаға асыруға жарамайтын (әр түрлі ластану түрлерін ескере отырып), тазартуға келмейтін немесе тазарту қиын болатын өнеркәсіптік және химиялық өндіріс қалдықтарын термиялық залалсыздандыру қолданылып және (немесе) мамандандырылған (өнеркәсіптік) полигондарда көму керек.
 

10. Сәйкестікті растау

      48. Жол-құрылыс материалдарының сәйкестігін міндетті түрде растау "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады:
      1) міндетті түрде сертификаттау нысанында;
      2) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында.
      49. Міндетті түрде сәйкестікті растауға жол-құрылыс материалдары жатады, соның ішінде 1-қосымшаға сәйкес жаңалары.
      50. Міндетті сертификаты нысанында сәйкестікті растау "Сәйкестікті растау рәсімдері" Техникалық регламенті 1-қосымшасының N 2, 3, 4, 5, 7 сызбалары бойынша жүргізіледі.
      51. Міндетті түрде сертификаттау нысанында сәйкестікті растау нақты өнім Қазақстан Республикасы қосылған және осы міндетті түрде сертификаттау нысаны көзделген халықаралық келісімдер, конвенциялар және басқа құжаттар жағдайда объектілері болып табылатын жағдайларда да қолданылады.
      52. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 193 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
 

11. Ауыспалы ережелер

      53. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер Техникалық регламент талаптарына сәйкес келтірілгенге дейін ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау, адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді, қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына сәйкес келетін бөлімінде ғана міндетті орындауға жатады.
      54. Жол-құрылыс материалдарының осы Техникалық регламент күшіне енгенге дейін берілетін белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар оларға белгіленген мерзім біткенге дейін жарамды болып саналады.
 


Техникалық регламентке
1-қосымша

"Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламентінің талаптары таралатын жол
құрылыстары материалдарының тізбесі

ҚР СЭҚ ТА коды
 

Материал атауы
 

Міндетті сертификация формасында сәйкестікті растау үшін
 

Сәйкестік декларация формасында сәйкестікті растау үшін
 


1. Битум және битумдық тұтқырғыштар
 

2713
2713 20 000 0;
2714
 


Жолдың мұнай битумы (тұтқыр, сұйық)
 

2714 90 000 0
 


Полимерлі-битумды тұтқырғыш
 

2713 90
 


Жол майғыны (анионды, катионды)
 

2715 00 000
 


Құрамында битум болатын жыныстар (кирлер)
 

2. Геосинтетикалық материалдар
 


5603:
5603 14 900 0
 

Геосинтетикалық материалдар (геосинтетикалық торшалар, геосинтетикалық торлар)
 

3. Жағым
 

1715
2715 00 000 0
 

Жағым
 

4. Жолды таңбалауға арналған материалдар
 

3204 11 000 0;
3204 13 000 0;
3205 00 000 0;
3206 19 000 0;
3206 20 000 0;
3206 30 000 0;
3207,
3208;
3209;
3209 10 000;
3210 00 100 0;
3211 00 000 0;
3214 10 100 0;
3214 10 900 0
 


Астарлар, бояудақтар, бояулар, эмальдар, сылап бітеулер
 

5. Қиыршықтас, шағылтас, шағылтастан жасалған қиыршықтас
 

2517;
2517 10;
2517 10 100 0;
2517 10 200 0;
2517 20 000 0;
2517 30 000 0
 


Шағылтас (тау жыныстарынан, қиыршықтастан жасалған) және қиыршықтас және малтатас Қоспалар (шағылтасты-гравиялық-құмдық, құмдық-гравиялық)
 

2515:
2515 12;
2515 12 200 0;
2515 12 500 0;
2516:
2516 11 000 0
 


Қара және түсті металлургия қождарынан және фосфорлы қождардан дайындалған шағылтас
 

6. Қоспалар
 


2515 00 000 0
3824 40 000 0
 

Құрғақ (органикалық емес, органикалық, құрауышты)
 


3913:
3913 10 000 0
 

Термопластар
 


3925:
3925 90
 

Суық пластик
 

7. Қоспалар
 

2517 10
 

3816;
3816 44;
3824 50;
3824 50 100 0
6810 11 900 0
 

Жол бетон қоспалары және цементбетон (гидротехникалық, ыстыққа берік, түсті, өте ауыр, қышқылға орнықты, беріктігі жоғары бетон, бетонполимер; фибробетон);
 

3816;
3816 44;
3824 50;
3824 50 100 0
6810 11 900 0
 


ірі қуысты, кеуекті жеңіл бетон, көбікбетон, газ-бетон
 

8. Құм
 

2505;
2505 10 000 0
 


Құм (барлық түрлі табиғи, қиыршықтасты уатып елеу), боялған және боялмаған құмдар
 

2505 90 000 0;
2506
 


Өнеркәсіп қалдықтарынан (қара, түсті және химия өнеркәсібінің) және өнеркәсіптің басқа салаларының уатылатын өнімдерді кезекті елеумен қазып алынған биметалл қалдықтарынан дайындалған құм
 

9. Минералды ұнтақ
 

2530;
2530 90;
2530 20 000 0;
2517 90 980 0;
2517 30 000 0
 


Карбонатты жыныстарда 11 дайындалған белсендірілген және белсендірілмеген минералды ұнтақ
 

Карбонатты емес жыныстар мен өнеркәсіп қалдықтарынан дайындалған белсендірілмеген минералды ұнтақ
 

10. Органикалық емес тұтқырғыштар
 

2523;
2523 10;
2523 29 000 0;
2523 90 800 0;
2523 10 000 0
 


Цемент (портландцемент), гидравликалық цементтер
 

2523 90
 


Қожды портландцемент, қожды цемент
 

2523 30
 


Глиноземдік цемент
 

2520,
2522
2522 10 000 0;
 


Әктас
 

2524 90 000 0;
2618 00 400 0;
2619 00 400 0;
2620
 


Өндіріс қалдықтары және әр түрлі өндіріс қождары негізіндегі тұтқырғыштар, асбоқалдықтар, бокситті қойыртпақтар
 

11. Органоминералды және асфальтобетон қоспалар
 


2715 00 000 0
 

- қара қиыршықтас;
- асфальтобетон, аэродромды жолқоспалары және асфальтобетон;
- асфальтобетонды қиыршықтас-қою жақпа қоспалар;
- құрамында битум болатын киржыныстарды қолданып жасалған асфальтбетон қоспалар;
- полимерасфальтобетон, жол, аэродромды және полимерасфальтобетон қоспалар;
- қара қиыршықтас-малтатас-құмды қоспалар
 

12. Топырақтар
 


2508
2508 40 000 0
 

Тасты, байланыссыз (ірі сынықты және құмдар), тұтасқан (құмдақтар, саздақтар), балшықтар, лайлар, балшықты қалдықтар, шымтезекті топырақтар, шымтезектер
 

Тоң
 

Техногендік
 

Органикалық тұтқыр материалдармен өңделген топырақтар
 

Органикалық емес тұтқыр материалдармен өңделген топырақтар
 

Тұрақтандырылған топырақтар
 


Техникалық регламентке
2-қосымша

Зиянды заттар шоғырлануының шекті рұқсат етілген деңгейі

Заттың атауы
 

Елді мекендердің
атмосфералық ауасындағы ШРШ шамасы, мг/м 3
 

ОБУВ мг/м 3
 

Жұмыс аймағының ауасындағы ШРШ шамасы, мг/м 3
 

Қауіптілік
сыныбы
 

орташа тәуліктік
 

ең үлкен бір реттік
 

Азот диоксиді
 

0,04
 

0,085
 


2
 

III
 

Бенз/а/пирен
 

0,1 мкг/100м 3
 

-
 


0,00015
 

І
 

Күкірт диоксиді
 

0,05
 

0,5
 


0,1
 

ІІІ
 

Стирол
 

0,002
 

0,04
 


30/10
 

ІІ
 

Толуол
 

-
 

0,6
 


150/50
 

ІІ
 

Шектелген көмірсутектер С 1 10 (С есептегенде)
 

-
 

1,0
 


300
 

IV
 

Фенол
 

0,003
 

0,01
 


0,3
 

ІІ
 

Сутегі хлориді
 

0,1
 

0,2
 


5
 

ІІ
 

Фосфорлы сутек
 

0,001
 

0,01
 



ІІ
 

Фторлы сутек
 

0,1
 

0,5
 



І
 

Цианисті сутек
 




0,3
 

І
 

Пентан
 




300,0
 

IV
 

Күкіртсутек
 




10,0
 

ІІ
 

Сірке кышқылы
 

0,06
 

0,2
 


5
 

ІІІ
 

Күйдіргіш сілтілер (N a ОН есептегендегі ерітінділер) Натрий гидроксиді
 



0,01
 

0,5
 

ІІ
 

Шыны тәрізді силикаттар (натрий силикаты)
 



0,3
 

4
 

ІІІ
 

Натрий триполифосфаты
 



0,5
 

10
 

ІІ
 

Ванадий пентаксиді
 

0,002
 



0,5
 

ІІ
 

Көміртек оксиді
 

3,0
 

5,0
 


20
 

IV
 

Керосин
 



1,2
 

300
 

IV
 

Бензин
 

1,5
 

5
 


100
 

IV
 

1,3-бутадиен
 




1,0
 

ІІІ
 

Винилцикло-гексан
 



0,03
 


ІІІ
 

Ксилол
 




0,2
 

ІІІ
 

а-метилстирол
 




0,04
 

ІІІ
 

Этилбензол
 




0,02
 

ІІІ
 

Метил-метакрилат
 




0,01
 

IV
 

Акрил қышқылының нитриді
 




0,05
 

ІІ
 

Құрамында SіО 2 > 70 % болатын органикалық емес шаң (кварцтық құмның шаңы)
 

0,05
 

0,15
 



ІІІ
 

Кальций оксиді
 

-
 

-
 

0,3
 

1
 

ІІ
 

Кальций гидроксиді
 

0,01
 

0,03
 

0,2
 

2
 

ІІІ
 

Кальций карбонаты
 



0,5
 

-
 

ІІІ
 


Техникалық регламентке
3-қосымша

Үйлестірілген стандарттар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.02.28 № 193 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.