Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1002 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1310 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат).
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                к. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің        
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1325 қаулысымен    
      бекітілген        

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
К У Ә Л І К

      Ескерту. Куәліктің нысаны жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.04.2013 № 402 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

______________________________________________
(салық қызметі органының атауы)

      Салық төлеушінің атауы ________________________________________
      Тегі __________________________________________________________
      Аты ___________________________________________________________
      Әкесінің аты __________________________________________________
      ЖСН/(БСН) _____________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
      Орналасқан жері _______________________________________________
      Тіркелген күні ________________________________________________
      Құрылған күні _________________________________________________

                                           № _______ Сериясы _____