Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1309 Қаулысы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 339-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1323 қаулысымен   
      бекітілген      

   Сирек және жерде сирек кездесетін металдар бойынша
    пайдалы қазбаларға өндіру салығының ставкалары 

Р/с N

Пайдалы қазбалардың түрлері:

Салық ставкасы, %

1.

Сирек металдар

Литий, бериллий, тантал, стронций

7,7

2.

Жерде сирек кездесетін металдар

Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций, иттрий

6,0