Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1255 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 16, 211-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 және 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1375 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1181 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 481-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов