Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен
2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
1-қосымшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.";
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Халқының саны 250000 адамнан аз аудандар әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандар әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс.";
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1107 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
1) "Облыстық әкімдік" деген 1-бөлімде:
үшінші, төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;
2) "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген
2-бөлімде:
алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
3) "Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі" деген
3-бөлімнің 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов