Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі N 878 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 405 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 31-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесі:
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттарға жауап беруі тиіс: көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз ете отырып жоғары сапалы жүріп өту және оларға бүкіл жол бойы жоғары сервистік қызмет көрсету.
      2-2. Автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешім Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда және тәртіппен қабылданады.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін жүріп өткені үшін төлем Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен белгіленген ставкалар бойынша алынады.";
      мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
      "10. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жеңілдіктер көзделген автокөлік құралдары ақылы, соның ішінде концессияға берілген автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылады.
      11. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтата тұрылады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К.Мәсі мов