Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 872 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Жасыл желек" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қорының алаңы 60 гектар учаскесі (бұдан әрі - учаске) орман иелену құқығымен берілсін.
      2. Учаске "егіс - топырақ қорғау ормандары" санатына жатқызылсын.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен бірлесіп, заңнамамен белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 22 қыркүйектегі   
N 874 қаулысына       
  қосымша            

Орман иелену құқығымен берілетін мемлекеттік орман қоры учаскесінің экспликациясы

Жер пайдаланушыны ң атауы Жалпы ала ң ы, га Оны ң ішінде:
орманны ң
жина қт алма ғ ан
а ғ аштары
орман
питомниктері
егістік усадьбалар

"Жасыл желек" мемлекеттік мекемесі

60

13

30

15

2