Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 826 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1975 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-91, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандарында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      7 тармақтың 1) тармақшасындағы "жұмысшыларды" сөзі алынып тасталсын;
      12 тармақтағы "Құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы көшірмесімен бірге ұсынылады, одан кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі" сөздері алынып тасталсын;
      18 тармақтың 3) тармақшасындағы "тоқсан сайын" сөздері "ай сайын" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                 Т. Құлжанова