Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпы алаңы 7 гектар жер учаскесі Алматы облысы Панфилов ауданы Пиджим ауылдық округінің босалқы жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2091 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қорғас" жеке бақылау-өткізу пунктінің әскери қалашығын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов