Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 919
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 34, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларында:
1-тармақтағы "900" деген сандар "1500" деген сандармен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "1500" деген сандар "2000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов