Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 720 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1654 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындардың 2008 жылға арналған нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 309 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындардың 2008 жылға арналған нормативтерінде:
      5-бағанда:
      "Ақтөбе облысы" деген 2-бөлімде:
      "II дала аймағы" деген кіші бөлімде:
      "Мақсары" деген жолдағы "2637" деген сандар "3081" деген сандармен алмастырылсын;

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген 4-бөлімде:
      "II дала аймағы" деген кіші бөлімде:
      "Қара құмық" деген жолдағы "2880" деген сандар "3880" деген сандармен алмастырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов