Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қантардағы N 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 702 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 17  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "1 310 000 000 (бір миллиард үш жүз он миллион) теңге" деген сөздер "1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2008 жылғы 17 шілдедегі
                                                N 702 қаулысына
                                                    қосымша

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2008 жылғы 15 қаңтардағы
                                                 N 17 қаулысына
                                                    қосымша

           Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық
               құндылықтарының тізбесі мен көлемі

Р/с
N

Материалдық
құндылық-
тардың
атауы

Өлш.
бірл.

Сақ-
тау
мер-
зімі,
жыл-
дар-
мен

Болжамды
сақтау
көлемі

DDP
ИНКО-
ТЕРМС
2000
шартын-
дағы
бағасы
(теңге/
өлш.
бірл.)

Ақша
қара-
жатын
пайда-
лану,
теңге-
мен

Өнді-
руші
ел

1

Өсімдік майы
(тазартыл-
ған, шөлмек-
ке құйылған)

мың л.

1

2 078,97

293 000

609 138 210

им-
порт

2

Жарма
(күріш)

тн

1

2 482,35

81 500

202 311 525

 

3

Қант

тн

5-8

5 275

84 500

445 737 500

им-
порт

 

БАРЛЫҒЫ

 

 

9 836,32

 

1 257 187 235

 

      Ескертпе:
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1270188800,00 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001565,00 теңге пайдалану көзделіп отыр.