Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) (1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:

Күрішбаев                 - Қазақстан Республикасының
Ақылбек Қажығұлұлы          Ауыл шаруашылығы министрі,
                            төрағаның орынбасары

      болып енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы шығарылсын.
      3) (1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов