Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
"Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
"Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-кіші бөлімде:
2-кезеңде: 2008 жыл:
"Үлескерлердің қатысуы бар тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтау үшін әкімдіктерде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдар құрылады (анықталады)" деген абзац "жергілікті бюджеттердің қаражаты" деген сөздерден кейін "және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тетікте:
бірінші абзацта:
"компаниялар жүргізіп отырған" деген сөздерден кейін "үлескерлердің қатысуы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
"жергілікті бюджеттердің қаражаты" деген сөздерден кейін "және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:
"
20-1. |
Астана |
Қазақстан |
ИСМ, ЭБЖМ, |
2008 жылғы |
17,2 |
Респуб- |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов