Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Машина жасау саласын дамыту жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 596 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы N 143  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:
      2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
 
  Мыңбай                       - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы             және ақпарат вице-министрі

Омаров                       - Қазақстан Республикасы Ауыл
Тобылбек Есенжолұлы            шаруашылығы министрлігінің
                               жауапты хатшысы

Тәкенов                      - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Болат Долдайұлы

Жақсылықов                   - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Тимур Мекешұлы

Нұрланбаев                   - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Ерлан Құмарбекұлы              орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Бөрібаев Асқар Ысмайылұлы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Долженков Виктор Анатольевич, Смағұлов Болат Советұлы, Бергенев Әділғазы Сәдуақасұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов