"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Көкшетау авиакомпаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берсін.
2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің турлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Ақмола облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-7-жолмен толықтырылсын:
"68-7 "Көкшетау авиакомпаниясы" АҚ".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов