Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 569 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 222 Қаулысымен.

      Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы келісімнің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетұлы Мұхамбетов Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеске Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне қабылданған шешім туралы хабарласын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов