Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 520 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Жоба    

Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы  Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат, N 24, ст. 180; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 26 мамырдағы  Заңы , 2008 жылғы 3 маусым "Казахстанская правда" және 2008 жылғы маусым "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған):
      1) мынадай мазмұндағы 147-6-баппен толықтырылсын:
      "147-6-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
      1. Биоотын өндірушілердің, кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін 120 тоннаға дейін тамақтық шикізатты сатып алуға арналған квота нормаларын арттыру,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз отыздан үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз алпыстан бір мың бес жүз сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, немесе биоотын өндірушілердің, кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін 120 тоннадан және жоғары тамақтық шикізатты квота нормаларынан артық сатып алуы, артық квоталар мөлшерінде тамақтық шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биотынды өндіру жөніндегі қызметпен айналысу әрекеті 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрып шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексен екіден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың сегіз жүз оннан бір мың сегіз жүз отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Биоотынды өндірісі жөніндегі қызметті биоотын өндірушілердің биоотын көлемдерін есепке алатын бақылау аспаптарынсыз, немесе олар бұзылған уақытысында жүзеге асыру,
      осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз жиырмадан жеті жүз қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Биоотынды өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көзі (объектісі) болып табылатын немесе генетикалық түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтитын тамақ шикізатын олардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз қабылдаусыз және мемлекетті тіркеуден өтпеуінсіз қабылдауы,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүз отыздан екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз отыздан тоғыз жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей іске асыру,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден екі жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден жеті жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Биоотын экспортын қоспағанда, биоотын өндірушілердің биоотынды оны өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды сату,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүз сексеннен үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сатылған партияның тең көлеміндегі биотын тәркіленіп, тоғыз жүз сексеннен бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Биоотынды биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды сақтау үшін оны өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға жіберу, биоотын экспортын қоспағанда,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз елуден алты жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Биоотынды оны өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың сақтауы,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден екі жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әкімшілік жаза қолданылудан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған, осы баптың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерде көзделген әрекеттер,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың үш жүзден бір мың үш жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Әкімшілік жаза қолданылудан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған, осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әрекеттер,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүз жиырмадан екі жүз қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз жиырмадан төрт жүз қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".
      2) 213-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі»және мұнай өнімдерін» деген сөздерден кейін ", биоотынды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 541-баптың бірінші бөлігі "143," деген саннан кейін "147-6 (екінші, үшінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 576-6 және 576-7-баптармен толықтырылсын:
      "576-6-бап. Биоотын өндіру саласындағы уәкілетті орган
      1. Биоотын өндіру саласындағы уәкілетті орган 147-6-бапта (бірінші, төртінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға биоотын өндіру саласындағы уәкілетті орган басшысы немесе оның орынбасары құқылы.
      576-7-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган
      1. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган 147-6-бапта (бесінші, жетінші, сегізінші, оныншы бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган басшысы немесе оның орынбасары құқылы.";
      5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы:
      мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "биоотын өндіру саласындағы уәкілетті органның" (147-6 (екінші, үшінші және тоғызыншы биоотын өндіру бөлігінде бөліктерінде)-бап);";
      мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның (147-6 (алтыншы және тоғызыншы биоотын айналымы бөлігінде, бөліктерінде)- бап);".
      2. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 140, 142-құжат; 2006 ж.,N 23, 141-құжат, 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы Заңның ерекшеліктері акциз ставкаларын қоспағанда, Биоотын өндірісі және айналымы саласындағы жеке заңдармен регламенттелетін биоотын өндіру мен айналымына қолданылмайды.".
      3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 6, 33-құжат, N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 95-құжат, N 24, 148-құжат, 2007 ж., N 19, 148-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшада "мекенжайда" деген сөздер "тұрған жерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тиісті лицензиясы бар мұнай өнімдерін өндірушілер мен биоотын өндірушілерге ғана компаундирлеуге, мұнай өнімдеріне телімдерді, қоспалар мен компоненттерді енгізуге жол беріледі.";
      2) 10-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті органның мұнай өнімдерін өндірудің ең төменгі көлемін қамтамасыз ету жөніндегі және (немесе) мұнай өнімдерін өндірудің ай сайынғы көлемін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындауға;";
      2) тармақшада "тоқсан" деген сөз "ай" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "уәкілетті органмен келісуге" деген сөздер "ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органның бекітуіне ұсынуға;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
     "5) уәкілетті органға өндірілетін өнімнің көлемдегі туралы мұнай өнімдерінің айналымы, оның ішінде өткізілетін мұнай өнімдеріне көтерме және бөлшек сауда бағалары туралы ақпарат беруге;
      6) ай сайын уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру бойынша есеп беруге;
      7) жыл сайын мұнай өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын реагенттер (телімдер мен қоспалар) шығыстарының нормаларын уәкілетті органмен келісуге;
      8) жыл сайын мұнай және мұнай өнімдерінің шығын нормаларын уәкілетті органға бекітуіне ұсынуға.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Мұнай өнімдерін өндірушілерге уәкілетті органмен келіспей мұнай өнімдерінің жаңа түрлерін немесе олардың қоспаларын дайындауға тыйым салынады.";
      4. "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 сж., N 2, 18-құжат; N 3,20-құжат, N 17, 136-құжат):
      Көрсетілген заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
      "29. Биоотын айналымы саласындағы мемлекеттік орган:
      1) биоотын айналымы саласындағы бақылау.".
       2-бап. Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті