Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 478 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақта:

      3) тармақшадағы "ұсынатын жабдықтар" деген сөздер "ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар" деген сөздермен ауыстырылсын, "ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 40900000000 (қырық миллиард тоғыз жүз миллион) теңге бөлінсін.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2008 жылғы 20 мамырдағы
                                              N 478 қаулысына
                                                   қосымша

        Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік
  кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды
                       қаржыландыру

                                                  мың теңге

Іс-шаралардың атауы Жиыны

Кейіннен еншілес акционерлік қоғамдарының
жарғылық капиталын ұлғайта отырып "ҚазАгро"
ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын
ұлғайту, оның ішінде:

40 900 000

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы"
ұлттық компаниясы" АҚ

10 612 100

Тамшылатып суаруды қолдана отырып жеміс-көкөніс
өнімдерінің өндірісін дамыту

1 314 100

Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме базарын салу

3 298 000

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді,
оның ішінде кредит беру арқылы көктемгі дала
және егін жинау жұмыстарын және дәнді
дақылдардың шығымдылығын арттыру жөніндегі
іс-шараларды жүргізу үшін қаржыландыру

6 000 000

"ҚазАгроҚаржы" АҚ

18 487 900

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды
қаржыландыру (о.і.кейіннен лизингке беру үшін)

4 700 000

Технологиялық жабдықтар мен арнайы техниканы
сатып алуды қаржыландыру (о.і. кейіннен
лизингке беру үшін)

2 634 000

Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін қайта
өңдеу жөнінде жабдықтарды, сондай-ақ құс өсіру
фермаларын құру үшін негізгі құралдарды сатып
алуды қаржыландыру (о.і.кейіннен лизингке
беру үшін)

2 400 000

Негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру
(о.і. кейіннен лизингке беру үшін) және сүт пен
ет бағытындағы ірі-тауарлы мал шаруашылығы
фермаларын құру үшін айналым қаражатын
толықтыруға ішінара кредит беру

8 753 900

"Аграрлық кредит беру корпорациясы" АҚ

5 300 000

Ауыл шаруашылығы өндірісіне және ауылдық кредит
серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы
өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіпке кредит беру

3 200 000

Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіруді
жүргізу, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау,
тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен
жабдықтау жөніндегі ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілер бірлестіктері мен ауыл тұрғындарына
кредит беру

1 300 000

Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын
кәсіпкерлік қызмет түрлеріне кредит беру

800 000

"Мал өнімдері корпорациясы" АҚ

6 500 000

Дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы
бордақылау алаңдарын құру

5 500 000

Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау

1 000 000