Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 422 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 Қаулысымен

       "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы"  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына,  "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы астанасының 10 жылдығын атап өту құрметіне "10 жыл Астана" мерекелік медальдарды жасауға байланысты шығыстарды қаржыландыру үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 110430000 (бір жүз он миллион төрт жүз отыз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов