Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы N 417 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 155 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 556 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:

      "Қызылорда" деген жолдағы "2078" деген сандар "2084" деген сандармен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "47486" деген сандар "47492" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)" деген бағанда:

      "Қызылорда" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "68" деген сандар "69" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкімі:

      1) әкім аппаратының құрылымында штат саны 5 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ететін бөлім құруды ұсынсын;

      өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов